О проведении приписки граждан 1986 года рождения к призывному участку в городских и районных военных комиссариатах Мангистауской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысының қалалық және аудандық әскери комиссариаттарының әскерге шақыру участкелерiне 1986 жылы туған азаматтарды тiркеуге алуды жүргiзу туралы Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 12 бабына сәйкес шешiмiн:
Тармақ 1
1. Облыстың қалалары мен аудандарының әкiмдерi әскери комиссарлармен бiрлесе отырып: 1986 жылы туған жастарды және бұрын әскерге шақыру участкелерiне тiркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды 2003 жылдың қаңтар-наурыз айларында әскерге шақыру участкелерiне тiркеу жүргiзудi қамтамасыз етсiн; жастарды әскери участкелерге тiркеу туралы тиiстi комиссия ұйымдастырылсын; комиссия жұмыс iстеу үшiн жан-жақты жабдықталған орынжайлар бөлсiн; тiркеу комиссияларына қажеттi мөлшерде техникалық қызметкерлер, қызметшi адамдар құрамы мен арнайы автокөлiктер бөлсiн. "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабына сәйкес тiркеу жүргiзу кезеңiнде техникалық қызметшiлер мен қызметшi адамдар құрамының еңбек ақыларын, автокөлiктердiң шығындар 2003 жылға арналған облыстық бюджеттер көзделген қаражат есебiнен жүргiзсiн.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облыстық iшкi iстер басқармасы (Қ.Ж.Мырзабаев): тiркеу жүргiзу кезеңiнде жергiлiктi iшкi iстер органдары әскери комиссариаттармен қарым-қатынас жасай отырып әскерге шақыру участкелерiне азаматтардың толықтай келуiн бақылау жасап, олардың тiркелуден бас тартуына жол бермесiн.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына (С.К.Төралиев): әскери комиссариаттардың өтінімі бойынша тіркеуге жататын азаматтарды медициналық куәландыру үшін дәрігер мамандарын бөлсін; шақыру участкелерін қажетті дәрі-дәрмектермен, құрал-аспаптармен және медициналық мүліктермен жасақтасын; тiркелуге тиiстi азаматтарды сапалы медициналық куәландырудан өткiзiп, қажет болған жағдайда оларға қажеттi стационарлық бақылау ұйымдастырсын, әскери комиссариаттардың жолдамасымен емдеу мекемелерiнде әскерге шақырылуға дейiнгi жастарға төсек орындар бөлсiн; денсаулығында ауытқулар байқалған жастарды емдеп сауықтырудың шараларын алсын.
Тармақ 4
4. Маңғыстау Облысы және Ақтау қаласының әскери комиссары (Б.А.Қалиев): жастарды әскери учаскелерге тiркеудi толық қамтамасыз етсiн және оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiне қызмет етуге дайындауды ұйымдастырсын; 2003 жылғы сәуiрдiң 10-ына дейiн 1986 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру участкелерiне тiркеу туралы ақпаратты табыс етсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бірінші орынбасары С.Б.Керелбаевқа жүктелсiн. Керелбаев С.Б. ___________ Макежанов С.А. ___________ Қазиева Қ.Д. ___________ Әбдешұлы А. ___________ Мырзабаев Қ.Ж. ___________ Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Сәрсенқұлов Ж.С. ___________ Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының бастығы Төреалиев С.К. ___________ Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Орын. Қалиев Б.А ___________ Маңғыстау облысы және Ақтау қаласының әскери комиссары