О проведении приписки граждан 1986 года рождения к призывным участкам. Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1986 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру участкелерінің тізіміне алу туралы. 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.01.2005 № 1 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» Заңының 12 - бабына сәйкес, жастарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын, жалпы білім деңгейін, алған мамандығын және денсаулық деңгейін анықтау мақсаттарында облыс әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Облыстың, Көкшетау және Степногорск қалаларының, аудандардың әскери комиссариаттарына 2003 жылдың қаңтар - наурыз айларында облыс аумағында 1986 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру участкелерінің тізіміне алуды өткізу, сонымен қатар, одан бұрын өтпеген ересек азаматтарды өткізу тапсырылсын.
Тармақ 2
2. Облыстағы аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері:
Тармақша 1
1) азаматтарды шақыру участкелерінің әскери тізіміне алуды өткізу үшін комиссиялар құрсын және олардың жұмысын Қазақстан Республикасы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) 1986 жылы туған азаматтарды шақыру участкелерінің тізіміне алу жөніндегі медициналық комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету шараларын қаржыландыруды, сондай-ақ емдеу-сақтандыру мекемелерде медициналық зерттеуді қала мен аудан бюджеттері есебімен қарастырылған қаржы көлемінде қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) меншік түрі мен бағыныштылығына қарамастан барлық кәсіпорындарында, оқу орындарында, есеп үстелдерінде, пәтер иелерінің кооперативтерінде 2003 жылғы 31 наурызға дейін әскери комиссариаттармен бірлесе отырып әскерге шақырылатындарды алғашқы есепке алуды ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) шақыру участкелерінің тізіміне алуды өткізу үшін азаматтардың аудандық, қалалық әскери комиссариаттарына келуін ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (И.М. Комалдинов) облыстық әскери комиссариатымен (А.Ж.Нұрмановпен – келісім бойынша) бірлесіп тіркеу жөніндегі комиссиясында жұмыс істеу үшін облыстық емдеу мекемелерінің дәрігер-мамандарын қатыстыру ретін анықтасын және облыстағы емделу мекемелеріне аудандық және қалалық комиссиясы жіберген азаматтардың бірінші кезекпен қаралуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық ішкі істер басқармасы әскери комиссариаттармен бірлесе отырып әскерге шақыру учаскелерінде тәртіп сақталуын және әскерге шақырылудан қашушыларды іздестіру жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Шешімнің орындалуы бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат 2003 жылғы 15 сәуіріне дейін облыс әкімінің аппаратына тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С. Сейітжановқа жүктелсін.