Қолданыстағы ред. 25.12.2002

Облыс аумағында 1986 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеуді жургізу туралы от 25.12.2002 г. № 537 (Облыс аумағында 1986 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеуді жургізу туралы)

0

Облыс аумағында 1986 жылы
туылған азаматтарды шақыру
учаскелерінде тіркеуді жургізу
туралы.
«Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қантардағы Заңына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Облыстық әскери комиссариаттары 2003 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1986 жылы туылған және бұрын тіркеуден өтпеген әскер жасындағы азаматтарды тіркеуге алуды қосымшаға сәйкес жүргізетін болсын.

2

2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері:

1

1) әскери комиссариаттармен бірлесіп, азаматтардың шақыру учаскелерінде тіркелуін қамтамасыз етсін;

2

2) аудандар мен Қызылорда қаласында тіркеуді жүргізетін комиссияларды құрсын;

3

3) тіркеуді жүргізу комиссияларына қажетті мөлшерде маман-дәрігерлерді, медициналық аяжандар, техникалық қызметшілер және көліктер бөлсін;

4

4) жастардың ұйымдасқан түрде әскери комиссариаттарға келіп, шақыру учаскелерінде тіркеуден өтулерін қамтамасыз ететің барлық шаралар қолдансын.

3

3. Облыстық ішкі істер басқармасы (Х.Досқалиев):

1

1) тіркеуді жүргізу кезінде аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдері аудан, қала әскери комиссариаттарымен тығыз байланыс ұйымдастырып, шақыру учаскелеріндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;

2

2) азаматтарды шақыру учаскелеріне келуіне бақылау жасап, тіркеуден бас тарту әрекеттерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдасын.

4

4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев):
аудандық және қалалық әскери комиссариаттардың тапсырысы бойынша, тіркеуді жүргізуге байланысты жастарға дәрігерлік анықтама беру үшін облыстық емханалардан маман-дәрігерлер бөлсін;
шақыру учаскелерін қажетті дәрі-дәрмектермен, дәрігерлік құрал- жабдықтармен қамтамасыз етсін.

5

5. «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабының 1 тармағына сай тіркеу кезіндегі техникалық және басқа да қызмет көрсету мен көлік шығындары жергілікті бюджет есебінен жүргізілсін.

6

6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н. Ерімбетовке жүктелсін.

13

Облыс әкімінің
2002 жылғы «25» желтоқсандағы
№ 537 шешіміне қосымша
2003 жылы шақыру учаскелерінде есепке алынатын
азаматтардың саны және тіркеуді өткізудің мерзімдері


Аудандық, қалалық әскери
комиссариаттардың
аталуы
Есепке
алынатындардың
жасөспірімдердің
саны
Шақыру учаскелерінде - есепке алуды жүргізу күндері
1.
Арал АӘК
670
17.01.2003-29.03.2003
2.
Қазалы АӘК
776
15.01.2003-14.03.2003
3.
Байқоныр ҚӘК
341
06.02.2003-26.03.2003
4.
Қармақшы АӘҚ
480
15.01.2003-01.03.2003
5.
Жалағаш БАӘК
805
03.02.2003-29.03.2003
6.
Қызылорда облыстық және Қызылорда қалалық әскери комиссариаты
2183
15.01.2003-29.03.2003
7.
Шиелі АӘК
805
20.01:2003-29.03.2003
8.
Жаңақорған АӘК
770
15.01.2003-01.03.2003
ОБЛЫС БОЙЫНША:
6830
15.01.2003-29.03.2003