О проведении приписки граждан 1986 года рождения к призывным участкам городских и районных военных комиссариатов Карагандинской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1986 туған азаматтарды Қарағанды облыстық қалалық және аудандық әскери комиссариаттарының шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.12.09 N 32 шешімімен. Қазақстан Республикасының “Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Заңына сәйкес және 1986 жылы туған азаматтарды облыстың қалалық және аудандық әскери комиссариаттарының шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу үшін:
Тармақ 1
1. Облыс қалалары және аудандары әкімдері, облыстық әскери комиссариат (М.А.Төлекбаев) 2003 жылғы қантар-наурызда 1986 жылы туған азаматтарды қалалық және аудандық әскери комиссариаттарының шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастырсын. Ол үшін: Қалалар және аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) қала (аудан) әскери комиссариаттарының шақыру учаскелеріне 1986 жылы туған азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссиялар құрсын. Азамататтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелеріне жетекшілік ететін комиссия төрағасы етіп әкім орынбасарын тағайындасын.
Тармақша 2
2) әскери комиссариаттың шақыру учаскелерін мекен-жаймен, жиһаздармен, кеңсе құрал-жабдықтарымен, байланыс құралдарымен,кезекші автокөлікпен және коммуналдық қызметтермен (жарықпен, сумен, жылумен, тазалаумен және басқалармен) қамтамасыз етсін.
Тармақша 3
3) медициналық және техникалық қызметшілер мен қызмет көрсететін құрамның қажетті мөлшерін бөлсін, сондай-ақ тіркеуге жататын шалғай жерлерде тұратын азаматтарды тұрғылықты жерлерінен шақыру учаскелеріне әкелу мен кері қарай апаруды ұйымдастырсын.
Тармақша 4
4) қалалық, аудандық әскери комиссариаттарына көмек көрсету мақсатында қажетіне қарай, қалалар мен аудандар прокурорларымен келісім бойынша тіркеу комиссиялары жанында құрамында әскери комиссариат, жергілікті ішкі істер органы мен туризм және спорт комитеті қызметкерлері бар тіркеуден бұлтаратын адамдарды іздестіру жөніндегі оперативті топтар құрсын.
Тармақша 5
5) тіркеу аяқталысымен оның қорытындыларын және 2003 жылы қатардағы әскери қызметке шакыруды ұйымдастыру мәселелерін қарыстырсын.
Тармақ 2
2. Облыстық әскери комиссариат (М.А.Төлекбаев) 1986 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеудің қорытындылары туралы ақпаратты облыс әкіміне 2003 жылғы 20 сәуір қарсаңында ұсынсын.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің орынбасары (Е.Л.Тоғжанов) 2003 жылғы қантар айында қалалық және аудандық әскери комиссарларды, тіркеу жөніндегі комиссиялар төрағаларын, ішкі істер, денсаулық сақтау, білім беру органдарының, туризм және спорт комитеті басшыларын және басқа да мүдделі адамдарды шақыра отырып, азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді және өткізу мәселелері бойынша кеңес өткізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық дансаулық сақтау басқармасы (Қ.К.Ермекбаев) облыстың әскери комиссариаттармен бірлесе отырып, келісім-шарт негізінде шақыру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ішкі істер бас басқармасы (В.Н.Курбатов) Қазақстан Республикасының “Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Заңыңың 28 бабына сәйкес әскери міндеттерін орындаудан бұлтаратын адамдарды іздестіру, әкеліп жеткізу және қажет болған жағдайда ұстауды жүргізсін.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы (А.К.Молотовник) Қазақстан Республикасының “Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы” Заңының 35 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6 мамырдағы №560-30с қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары туралы Ережегі сәйкес азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеумен байланысты шараларды “Әскери қызметке шақыру және тіркеу жөніндегі шаралар” бағдарламасы бойынша бюджетте көзделген ұаржылар шегінде қаржыландырсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа жүктелсін.