Об организации и проведении диспансерных осмотров юношей 1987-1988 года рождения на территории Акмолинской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы аумағында 1987-1988 жылы туған жасөспірімдердің диспансерлік тексеруін ұйымдастыру және өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет пен қызмет туралы» Заңына, сәйкес әскерге шақыру жасына дейінгі жастарды тереңірек дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру және дәрігерлік көмекпен емдеуді қажет ететін жастарға көмек көрсету мақсаттарында облыс әкімі шешім қабылдады.
Тармақ 1
1. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері 2003 жылдың қыркүйек пен қазан айларында аудандар мен қалалардың аумақтарында 1987-1988 жылдары туған жасөспірімдерді толық дәрігер мамандардан құрылған диспансерлік тексеруден өткізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтау басқармасы (И.Комалдинов) диспансерлік тексеруді сапалы өткізу үшін аудандық пен қалалық медициналық комиссияларын дәрігер-мамандармен қажетті мөлшерде қамтамасыз етсін. білікті дәрігер мамандарды қатыстыра отырып, жасөспірімдердің диспансерлік тексеруін жүргізу сапасын жақсартсын. жастарды диспансерлік тексеруден өткізу үшін аудандық және қалалық денсаулық сақтау бөлімдерін дәрі-дәрмектермен, флюоролық үлділермен қажет мөлшерде қамтамасыз етсін; жасөспірімдер арасында емдеу-сауықтыру жұмыстарын жақсартуға қол жеткізсін және жасөспірімдерге қызмет көрсету жұмысының тиімділігін арттырсын;
Тармақ 3
3. Білім басқармасы (Е.Дмитриенко), мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, жеке меншік нысандарына қарамастан, аудандық, қалалық әскери комиссариаттарына, денсаулық сақтау бөлімдеріне 1987-1988 жылы туған жасөспірімдердің тізімдерін белгіленген түрде табыс етсін. Диспансерлік тексеруді уақытында өту үшін жастарды оқудан және жұмыстан босатып, олардың дәрігерлік тексеруге оқу орындары мен кәсіпорындар өкілдерінің жетекшілігімен міндетті түрде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімнің орынбасары Д.Әділбековке жүктелсін.