О проведении приписки граждан 1987 года рождения к призывным участкам в 2004 году Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1987 жылы туған азаматтарды 2004 жылы шақыру учаскелерiне тiркеудi өткізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 29-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, сондай-ақ "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы N 9000 Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 35 баптарына, "Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеудi өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 қазандағы N 1072 қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Аудандық және қалалық әскери комиссариаттар 2004 жылғы қаңтар-наурыз айларында тiркеу жылында 17 жасқа толатын, сондай-ақ бұрын тiркеуден өтпеген азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеудi жүргiзсiн.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкiмдерi әскери комиссариаттардың қарамағына медициналық куәландыру, келген шақырушыларды, қажеттi мөлшерде техникалық қызметкерлердi орналастыру үшiн үйлер және шақырылушыларды құлақтандыру, жеткiзу, олардың тұрғылықты жерлерiн анықтау үшiн автокөлiк беру мәселесiн шешсiн. 1987 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеуді дер кезiнде және сапалы дайындау үшiн аудандық және қалалық әскери комиссариаттарды қаржыландыруын уақтылы жүргiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Оқу орындарының, ұйымдар мен облыстың басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары 1987 жылы туған азаматтардың үлкендердің еріп жүруімен тіркеуге ұйымды және дер кезінде келулерін қамтамасыз етсін, жастарды шақыруға даярлауды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Маман дәрiгерлердің, орта буында медицина қызметкерлерiнiң, техникалық қызметкерлердiң, қамтушы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы және iссапарлық шығындарды төлеу, тiркеудi жүргiзу кезiнде шақырылушыларды тiркеу учаскелерiне жеткiзу жөнiндегi көлiк шығындарын өтеу жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары есебiнен жүргiзiлсiн. Тіркеуді жүргізу барысында тәрбие және мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы (Андағұлов К.Б.):
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде Медициналық куәландыру туралы ережесі іске енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 1995 жылғы 28 наурыздағы N 61 бұйрығының талаптарына сәйкес әскери комиссариаттардың медициналық комиссияларын бiлiктi маман дәрiгерлермен, орта медициналық қызметкерлермен, қажеттi жабдықтармен, құрал-саймандармен және медикаменттермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) облыстық әскери комиссариат жанындағы облыстық тұрақты жұмыс істейтін медициналық комиссияға рентген жабдықтарын орталықтан алу шығындарын көздесін;
Тармақша 3
3) облыстың емдеу мекемелерiнде шақырылушыларды клиникалық зерттеу және емдеу үшiн қажеттi мөлшерде төсектер бөлсiн. Әскери комиссариаттың жолдауы бойынша емдеу үшiн шақырушылардан ақша алуына тыйым салсын. Стационарлық жағдайда шақырылушыларды емдеуге және зерттеуге жұмсалған шығындардың өтемақысы мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде ұсынылған тізілімдер бойынша жүргiзсiн;
Тармақша 4
4) 2004 жылы тiркелуге жататын азаматтарды медициналық куәландыру және емдеу жүргiзiлетiн емдеу мекемелерiн белгiлесiн;
Тармақша 5
5) облыстық әскери комиссариатпен бiрге азаматтарды әскери қызметке даярлауды медициналық қамтамасыз етудiң жоспарын, сондай-ақ медициналық көмек және жергiлiктi жерлерде зерттеу көлемiн белгiлеп, шақырылуға тиiстi және шақырылушы жастарды сауықтыру бағдарламасын, жергілікті жерлерде медициналық көмек көрсету мен зерттеу көлемін анықтаумен жасасын.
Тармақ 6
6. Облыстық бiлiм департаментi (Ферхо С.И.), облыстық әскери комиссар (Мұқашев К.М., келісімі бойынша ) әскери оқу орындарына кандидаттарды iрiктеу және бiлiм дәрежесін, дене шынықтыру даярлығын тексеру жөнінде комиссия құрсын.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер бас басқармасы (Күнғожинов С.Т.) тiркеу кезiнде жергiлiктi iшкi iстер органдарының әскери комиссариаттармен бірге тіркеуден жалтарушы адамдарды іздестіру және шақыру учаскелерінде тәртіп сақтауды қамтамасыз ету мәселелерінде өзара әрекет жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Н.С.Омаровқа жүктелсiн.
Тармақ 9
9. "1986 жылы туған азаматтарды 2003 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы" облыс әкімінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы тіркеу нөмірі 1064 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.