1987 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру участкесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуін өткізу туралы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1987 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру участкесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуін өткізу туралы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 12 бабының негізінде (әрі қарай – Заң), Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру участкесіне 1987 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің сапалы және дер кезінде тіркелуін өткізу мақсатында:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау аудандық әскери комиссариатының негізінде 2004 жылдың қаңтарынан наурызға дейін 1987 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында әскерге шақыру участкесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуі өткізілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін мына құрамда комиссия құрылсын: Виктор Петрович Лавриков – комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Өмірбек Ыбрайұлы Әбілов – комиссия төрағасының орынбасары, аудандық әскери комиссар Айгүл Қайырқызы Әбілдина – комиссия хатшысы, аудандық орталық емхананың медбикесі Мереке Нұрғалиұлы Жұмақаев – дәрігер-хирург Римма Төлеутайқызы Нұрғалиева – дәрігер-терапевт Лев Львович Базилев – дәрігер-отоларинголог Зура Қайырбекқызы Жұмақаева – дәрігер невропатолог Сара Сартайқызы Сембаева – дәрігер офтальмалог Сәкен Ескендірұлы Барлыбаев – дәрігер стоматолог Роза Нұрғалиқызы Жұмақаева – дәрігер дерматолог Тиыштық Ішкенқызы Ішкенова – дәрігер-психиатр Пчелинцев Александр Витальевич – Бұқар жырау аудандық әскери комиссариатының 2 бөлімшесінің бастығы, аға прапорщик
Тармақ 3
3. Ауырған немесе басқадай дәлелді себепті жағдайда тіркеу комиссиясының резерві төмендегідей құрамда бекітілсін: Мұрат Ойдашұлы Исабаев – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Торғын Жолдыбайқызы Баймағамбетова – аудандық орталық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы Қазкен Нұрғалиұлы Жұмақаев – дәрігер хирург Мұрат Әлімұлы Байғожин – дәрігер терапевт Гүлжан Базарбайқызы Бәкішева – дәрігер стоматолог
Тармақ 4
4. Заңның 35 бабының 3 пунктіне сәйкес, әскерге шақыру участкесіне әскерге шақырылушыларды тіркеу бойынша комиссия мүшелеріне, комиссия жұмысына қатысатын медицина қызметкерлеріне осы міндеттерді орындау уақытында жұмыс орны, қызметі және орта еңбекақысы сақталады.
Тармақ 5
5. Комиссия төрағасы (Виктор Петрович Лавриков) тіркеу жөніндегі комиссия отырысын толық емес құрамда өткізуге жол бермесін және әскерге шақыру учаскесінде жас жігіттерді тіркеудің сапалы өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі Заңның орындалуын қатал қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Аудандық әскери комиссар (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов) тіркеуге жататын жас жігіттерді 2004 жылдың 14 қаңтарынан әскерге шақыру учаскесіне шақырылуын кестеге сәйкес жүргізсін (1 қосымша).
Тармақ 7
7. Кенттік және селолық округтер әкімдері құлақтандыру ұйымдастырылсын және 1987 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру участкесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің белгіленген мерзімде қажетті құжаттарымен Бұқар жырау аудандық әскери комиссариатқа дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Бұқар жырау коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны «Аудандық медициналық бірлестік» (әрі қарай – КМҚК АМБ) директоры (Болат Мұздыбайұлы Мұздыбаев):
Тармақша 1
1) Ботақара және Ғ.Мұстафин кенттеріндегі аудандық ауруханаларды тіркеуге жататын жас жігіттердің кеуде талшығы флюорографиясын өткізілуін электро-кардиограммасын, анализдар тапсыруын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) тіркелуге жататын жас жігіттерді тексеру үшін табан флюорографиясына рентгенопленкалардың және электрокардиограмма өткізу үшін қағаздың резерві қамтылсын;
Тармақша 3
3) аудандық орталықтандырылған ауруханада және Ғ. Мұстафин кентінің стационарында тіркеуді өтіп жүргенде жіберілген жас жігіттерді емдеу және қосымша тексеру үшін төсек орнының резерві жасалсын;
Тармақша 4
4) Лев Львович Базилевке дәрігерлік жұмысына байланысты іссапарлық шығыны өтелсін.
Тармақ 9
9. Аудандық ішкі істер басқармасының бастығы (Мейрам Мақсұтұлы Рақымжанов):
Тармақша 1
1) 2003 жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде аудандық әскери комиссариатына тексеріс жүргізілетін жас жігіттер жөнінде алдын-ала мәлімет ұсынсын, сонымен бірге тіркеуден бас тартатын жас жігіттерге іздеу салсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру участкесінде қоғамдық тәртіпті қолдау үшін тіркеу науқаны мерзіміне, кестеге сәйкес аудан орталығының полициялық учаскелік инспекторлар санынан кезекшілік құрылсын.
Тармақ 10
10. Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі (Надежда Антоновна Есипова) Заңның 35 бабына сәйкес әскерге шақыру участкесіне тіркеуден өту шараларына байланысты қаржы бөлсін.
Тармақ 11
11. Азаматтарды тіркеу мерзімінде әскерге шақыру участкесінің жұмысын ұйымдастыру үшін ауцдандық әскери комиссариатқа 3 қосымшаға сәйкес жанар-жағар май бөлінсін.
Тармақ 12
12. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындар және оқу орындарының басшылары жас жігіттерді оқудан, еңбекақысы сақталуымен жұмыстан босатсын, тіркеудің өтілуінің мерзімі мен уақыты жөнінде құлақтандырсын.
Тармақ 13
13. Аудандық әскери комиссар 2004 жылдың 10 сәуіріне дейін аудан әкімінің аппаратына берілген қаулының орындалуы жөнінде мәліметтер ұсынылсын.
Тармақ 14
14. Аудан әкімиятының 2002 жылдың 25 қарашасындағы № 12/5 «1986 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының әскерге шақыру участкесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуін өткізу туралы» қаулысының күші жойылды деп саналсын (тіркеу нөмірі 1020, аудандық «Сарыарқа» газетінде 2003 жылдың 11 қаңтарына жарияланған).
Тармақ 15
15. Берілген қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Виктор Петрович Лавриковке және аудандық әскери комиссар подполковник Өмірбек Ыбырайұлы Әбіловке жүктелсін.