О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1987 года рождения к призывным участкам Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1987 жылы
туған азаматтарын Қостанай облысының
шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы
«Қазақстан Республикаcындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес және «Жалпыға бірдей әскери міндеттік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республиксы Занының 12, 35-баптарын жүзеге асыру мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1987 жылы туған азаматтарын 2004 жылдың 7 қаңтарынан 27 наурызына дейінгі кезеңде облыстын калалык және аудандык корғаныс істері жөніндегі баскарма мен бөлімдерінің шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) тіркеу жөніндегі комиссия құрсын, дәрігер - мамандардын, медициналык бибілердің, техникалық қызметкерлердің, кызмет көрсетуші адамдар мен көліктің қажетті мөлшерін бөлсін;
Тармақша 2
2) азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссиянын жұмыс істеуі үшін қорғаныс істері жөніндегі қалалық және аудандык басқарма мен бөлімдерді медициналык комиссияны өткізу талаптарына сәйкес келетін орындармен камтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) 1987 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі медициналық комиссиялардың жұмысын, сондай-ақ емдеу-алдын алу мекемелерінде медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз ету жөніндегі іс- шараларды каржыландыруды қарастырылған ассигнованиелер шегінде қалалар мен аудандардың бюджеттері есебінен жүзеге асырсын;
Тармақша 4
4) жасөспірімдердің шақыру учаскелеріне тіркелуден өтуі үшін ұйымдасқан түрде келулері бойынша шаралар қабылдансын, корғаныс істері жөніндегі қалалық және аудандык басқарма мен бөлімдердің жанынан шақырылғандарды хабардар ету және іздестіру топтарын кұрсын, оларды көлікпен және ЖЖМ-мен қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті (Е.М. Ғалымжанов) Қостанай облысынын қорғаныс істері жөніндегі департаментімен (Д.К. Жұмабаев) бірлесе отырып облыстын емдеу мекемелерінің дәрігер-мамандарын тіркеу жөніндегі комиссияларда жұмыс істеу үшін тарту тәртібін белгілесін және тіркеу жөніндегі аудандык және қалалық комиссиялар облыстық- емдеу мекемелеріне жіберген азаматтарды алғашқы кезекте тексеруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер басшылары тіркеу және медициналық куәландыру жөніндегі комиссияның жұмысына тартылған мамандардың, сондай-ақ тіркеуге жаткызылған азаматтардың тұрақты жұмыс орындары бойынша орташа еңбекақысы сақталатынын естеріне ұстасын. Азаматтар әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындауға қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатылады.
Тармақ 5
5. Қостанай облысының ішкі істер бас басқармасы (Н.М. Дейхин) тіркеу учаскелеріне тіркеуге тұрудан бой тасалап жүргендерді іздестіру және тіркеу учаскелеріне жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Шешімнің орындалуына бакылау жасау облыс әкімінін орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға және облыс әкімінің көмекшісі жұмылдыру бөлімінің меңгерушісі А.В. Синютинге жүктелсін.
Тармақ 7
7. Шешімді орындау жөніндегі атқарылған жұмыс туралы акпарат 2004 жылғы 15 сәуірге дейін облыс әкімінін аппаратына берілсін.
Тармақ 8
8. Қостанай облысы әкімінің 2002 жылғы 2 желтоксандағы № 87 «Қазакстан Республикасының 1986 жылы туған азаматтарын Қостанай облысының шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы» шешімінің күші жойылды деп есептелсін (тіркелген нөмірі 1916).