«О проведении приписки граждан 1987 года рождения к призывным участкам городских и районных отделов и управлений по делам обороны» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1987 жылы туған азаматтарды қалалық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқарамалардың шақыру участкелеріне тіркеуді өткізу туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» №148 Заңдарына сәйкес 1987 жылғы туған азаматтарды қалалық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармалардың шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу үшін:
Тармақ 1
1. Облыс қалалары және аудандары әкімдері, Қарағанды облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департмент бастығы (М.И. Дарманқұлов – келісім бойынша):
Тармақша 1
1) 2004 жылғы қаңтар – наурызда 1987 жылы туған азаматтарды қалалық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармалардың шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастырсын.
Тармақша 2
2) қала (аудан) қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері мен басқармаларының шақыру учаскелеріне 1987 жылы туған азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссиялар құрсын, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелеріне жетекшілік жасайтын әкім орынбасарын комиссия төрағасы етіп тағайындасын;
Тармақша 3
3) қалалық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармалардың шақыру учаскелеріне мекен-жаймен, жиһаздарымен, кеңсе құрал-жабдықтарымен, байланыс құралдарымен, кезекші автокөлікпен және коммуналдық қызметтерімен (жарықпен, сумен, жылумен, тазалаумен және басқалармен) қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) медициналық және техникалық қызметшілер мен қызмет көрсететін құрамның қажетті мөлшерін бөлсін, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша шалғай аудандарда тұратын тіркелуге тиісті азаматтарды шақыру учаскелеріне әкелу мен кері қарай апаруды ұйымдастырсын.
Тармақша 5
5) қалалық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармалар көмек көрсету мақсатында қажетіне қарай, тіркеу комиссиялары жанында қалалар мен аудандар прокурорларымен келісім бойынша құрамында: қалалық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармалар, жергілікті ішкі істер органы мен туризм және спорт комитетінің қызметкерлері бар тіркеуден бұлтаратын адамдарды іздестіру жөніндегі оперативті топтар құрсын.
Тармақша 6
6) тіркеу аяқталысымен оның қорытындыларын және 2004 жылы қатардағы әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мәселелерін қарастырсын.
Тармақ 2
2. Қарағанды облысы бойынша қорғаныс істері департамент бастығы (М.И. Дармақұлов – келісім бойынша) 1987 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеудің қорытындылары туралы ақпаратты облыс әкіміне 2004 жылғы 20 сәуір қарсаңында ұсынған.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің орынбасары (Е.Л Тоғжанов) 2004 жылғы қаңтар айында қалалық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармалар бастықтарын, тіркеу жөніндегі комиссиялар төрағаларын, ішкі істер, денсулық сақтау, білім беру органдарының, туризм және спорт комитеті басшылары және басқа да мүдделі адамдарды шақыра отырып, азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кеңес өткізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық денсулық сақтау басқармасы (Қ.К. Ермекбаев) қалалық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармалармен бірлесе отырып, келісім- шарт негізінде шақыру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ішкі істер бас басқармасы (А.В. Кулинич – келісім бойынша) Қазақстан Республикасының «Жалпы бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 28 бабына сәйкес әскери міндеттерін орындаудан бұлтаратын адамдарды іздестіру, әкеліп жеткізу және қажет болған жағдайда ұстауды жүргізсін.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы (А.К. Молотовник) азаматтрады шақыру учаскелеріне тіркеумен байланысты шараларды «Тіркеу және әскери қызметке шақыру жөніндегі шаралар» бағдараламасы бойынша бюджетке көзделген қаржылар шегінде қаржыландырсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Л. Тоғжановқа жүктесін.