О проведении приписки граждан 1987 года рождения к призывным участкам в городских и районных военных комиссариатах Мангистауской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысының қалалық және аудандық әскери комиссариаттарындағы шақыру учаскелеріне 1987 жылы туылған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және “Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери (қызмет туралы” Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстың қалалары мен аудандарының әімдері әскери комиссарлармен бірлесіп: 1987 жылы туылған азаматтарды, сондай-ақ бұрын шақыру учаскелерінде тіркеуден өтпеген, жасы үлкен азаматтарды 2004 жылдың қаңтар - наурыз айларында шақыру учаскелеріне тіркеуді қамтамасыз етсін; шақыру учаскелеріне азаматтарды тіркеуден өткізу үшін тиісті комиссиялар құрылсын; комиссияның жұмыс істеуіне арнап жкабдықталған орын-жайлар бөлсін; азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс істеуі үшін техникалық жұмыскерлердің, қызмет көрсете қамту қызметшілері көліктің қажетті санын бөлсін.
Тармақ 2
2. Облыстық ішкі істер басқармасы (С.Ғ. Шахманов): азаматтарды тіркеу кезегінде ішкі істердің жергілікті органдарынның әскери комиссариаттарымен өзара іс-қимилын ұйымдастырсын және шақыру учаскелерінде реттілік пен тәртіпті қамтамасыз етсін; облыстың барлық аумағында әскери жасына дейінгілердің шақыру учаскелеріне келуін бақылауды жүзеге асырылсын және олардың тіркеуден жалтару әрекетінің жолын кессін.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (С.К. Төралиев): әскери комиссариаттардың өтінімі бойынша тіркеуге жататын азаматтарды медициналық куәландырү үшін дәрігер мамандарын бөлсін; шақыру учаскелерін қажетті дәрі-дәрмектермен, құрал-аспаптармен және медициналық мүліктермен жасақтасын; әскер жасына дейінгілерді 2004 жылдың 10-шы қаңтарынан бастап 31-ші наурызға дейін флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, талдамаларын тапсыруын, кал топтарын және қанның микрореакциясын анықтауды қамтамасыз етсін; тіркелгендерді сапалы медициналық куәландыруды қамтамасыз етсін, қажет болған жағдайда әскери медициналық комиссиялардың жолдамасы бойынша әскер жасына дейінгі жасөспірімдерді тұрақты орында қосымша бақылау және емдеуді ұйымдастырсын, бұл үшін облыстың емдеу мекемелеріне қажетті санда төсектік-орын бөлсін; денсаулығында ауытқушылығы бар жасөспірімдерді сауықтыру жөнінде барлық шараларын алсын.
Тармақ 4
4. Облыстық каржы басқармасы ( Х.Х.Нұрғалиева ) азаматтарды тіркеуді жүргізуге байланысты шығындарды, 2004 жылға арналған облыстық бюджетте көзделген қаражаты есебінен жүзеге асырсын;
Тармақ 5
5. Облыстық әскери комиссариаты (Б.А. Қалиев): жасөспірімдерді шақыру учаскелеріне тіркеуді толық қамтуға қол жеткізсін және оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қызмет етуге әзірлеуді ұйымдастырсын; 2004 жылдың 10 сәуіріне дейін 1987 жылы туылған азаматтаоды шақыру учаскесіне тіркегендігі туралы ақпарат берсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын. С.А.Макежанов ________________ А.Т.Қабашев _________________ А.Әбдешұлы _________________ М.Ғ.Шахманов _________________облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Орын.Б.А.Қалиев _________________ облыстық әскери комиссары