О проведении очередного призыва на срочную воинскую службу граждан 1988 года рождения, а также граждан 1979-1987 гг. рождения, у которых истекли сроки отсрочки от призыва на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1988 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шакырудан мерзімі өткен 1979-1987 жылдары туған азаматттарды, 2006 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудан өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» Заңының 19,20,23 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сандықтау ауданының 1988 жылы туған азаматтарын, сондай-ақ нақты әскери қызметке шақырудан мерзімі өткен 1979-1987 жылдары туған азаматтарын, 2006 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудан өткізу үшін қосымшаға орай, аудандық шақыру комиссиясын құрсын.
Тармақ 2
2. Шақыру комиссиясының жұмысын Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пункті жайында өткізсін.
Тармақ 3
3. 2006 жылдың сәуір-маусым айларында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды медициналық куәландыру осы қаулы күшіне енген күннен бастап 14 күн ішінде өткізілсін.
Тармақ 4
4. 2006 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды медициналық куәландыру 2006 жылдың 3 қазанының 21 қазанына дейінгі аралықта жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Ақмола облысының Деңсаулық сақтау департаментінің «Сандықтау аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісімі бойынша) азаматтардың дәрігерлік тексерістен өтуі үшін
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушылардың дәрігерлік куәлендірілуден өтуі үшін қажет мөлшерде білікті дәрігер мамандарды, сонымен бірге орта дәрігерлік персоналды бөлсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыртатын комиссияның жолдамасы бойынша азаматтарды қосымша стационарлық тексерістен өткізу үшін резервте жаттатын орындары болсын;
Тармақша 3
3) комиссияны қажет мөлшерде құралдармен және мүлікпен қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Ұйым басшылары әскерге шақыртылуға жататын азаматтарды іс сапарлардан (демалыстан) шақыртып алсын, олардың хабардар болуын және әскерге шақыртатын участкіге уақытында келуін ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Ауыл әкімі және селолық округ әкімдері, ұйым басшылары әскери міндеттілер мен әскерге шақыртылатындарды Сандықтау ауданының қорғаныс істері бөліміне олардың шақырылғандығы туралы хабардар етсін және олардың уақытында келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Әскерге шақырту бойынша шараларды орындауға байланысты шығыстар аудан бюджетінде қарастырылып бөлінген ақшаның есебінде іске асырылсын.
Тармақ 9
9. Сандықтау ауданының қорғаныс істері бөлімі ( келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) Сандықтау ауданының қорғаныс істері бөлімін әскерге шақырылушыға қатысты тергеу жүргізіліп жатқан және қылмыстық іс қозғалған жағдайда хабардар етсін;
Тармақша 2
2) Әскерге шақырылудан бас тартқан тұлғаларды Сандықтау ауданының қорғаныс істері бөліміне әкелуді, ұстауды және іздестіруді жүргізсін;
Тармақша 3
3) Әскерге шақырту комиссиясы, әскери бөлімдерге жөнелту және жіберу кезеңінде әскерге шақыру пунктінде тәртіптің ұсталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Ізбасарова Балым Сабетқызына жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.
Басқа 18. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Сандықтау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы № А-4/85 1988жылы туған азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақырудан мерзімі өткен 1979-1987 жылдары туған азаматтарды, 2006 жылғы сәуір-маусым және қазан- желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудан өткізу туралы» қаулысына қосымша Аудандық шақыру комиссиясының құрамы Журбин Андрей Юрьевич - Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндеттерін атқарушы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша); Әлімжанова Алтын Қазиқызы - Сандықтау ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары; Котельников Андрей Вячеславович - Сандықтау аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісімі бойынша); Шмаль Ирма Робертовна - дәрігер, медициналық комиссия төрайымы (келісімі бойынша); Кагомлык Ольга Владимировна - шақыру комиссиясының хатшысы;