О проведении призыва граждан 1988-1979 годов рождения на воинскую службу в апреле-июне 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылғы сәуір-маусым айларындағы әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусым айларындағы кезекті әскери қызметке шақыруына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың әскери қызметке шақыруын өткізу үшін шақыру комиссиясы құрылсын (қосымшаға сәйкес).
Тармақ 2
2. Есіл қаласы, Красногорский кенті, селолық округ, село әкімдері және ұйым басшылары әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды олардың Есіл ауданы қорғаныс істері жөнідегі бөлімге шақырылулары туралы құлақтандырып, уақытында келуін қамтамасыз етсін, Есіл ауданы қорғаныс істері жөнідегі бөліміне азаматтардың әскери қызметке шақырылуын өткізуге көмектессін.
Тармақ 3
3. Есіл аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (келісімі бойынша), кеңесші-диагностикалық емхана меңгерушісі (келісімі бойынша) әскерге шақырылушылардың медициналық куәландырылуы үшін шақыру комиссиясы кұрамында медициналық комиссия құрсын, комиссия бекітілген лабораториялық тексеру кестесіне сәйкес медициналық куәландыруға қажетті реактивтер, рентген пленкалары, миллиметрлік қағаздармен (электрокардиограмма үшін) қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандық ішкі істер бөлімінің және желілік ішкі істер бөлімінің бастықтары (келісімдері бойынша) Есіл ауданы қорғаныс істері жөнідегі бөлімімен тығыз байланыс жасай отырып әскери шақыру комиссиясы жүргізілуі кезінде сол пункттерде және әскерге шығарып салу күндерінде станцияларда шығарып салушылар арасында тәртіп сақталуын, әскерге барудан бас тартқан әскерге шақырылушыларды іздеп тауып, жеткізіп беруді қамтамасыз етсін, әскери шақыру кезінде Ақмола облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің кестесі бойынша облыстық медициналық бақылау комиссиясынан өтуге Атбасар қаласына бару сапарында тәртіп сақталуы үшін бір қызметкер іссапарға жіберсін.
Тармақ 5
5. Әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясына және әскерге аттандырылуға уақытында жеткізу жауапкершілігі қала, кент, селолық округ және село әкімдеріне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Есіл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (келісімі бойынша), әскери шақыру қортындысын 2006 жылдың 12 шілдесінен кешіктірмей берсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ш.Шаяхметовке жүктелсін.
Тармақ 8
8. Қаулы Есіл ауданы Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиісті. Келісілген: Паршин Константин Геннадьевич Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Мусин Талғат Әбдіқалықұлы Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Жұмабаев Марат Қарабұзауұлы Есіл стансасы желілік полиция бөлімінің бастығы Қайсарбеков Орынбек Қабдоллаұлы Есіл аудандық орталық аурухананың бас дәрігері
Басқа 9. Аудандық әскери шақыру комиссиясының Құрамы
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 10 наурыздағы № а-3/84 қаулысына қосымша Аудандық әскери шақыру комиссиясының Құрамы Паршин Константин Геннадьевич - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы шақыру комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша) Ахметова Гүлнар Төлеппекқызы - ішкі саясат бөлімінің бас маманы комиссия төрағасының орынбасары (келісімі бойынша) Комиссия мүшелері: Қойшыбаева Жібек Қабдешқызы - аудандық кеңесші-диогностикалық емханасының терапевт-дәрігері (келісімі бойынша) Жүсүпбеков Бауыржан Таңатарұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша) Бапишева Динара Ескенбайқызы - аудандық кеңесші-диогностикалық емханасының медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)