О проведении призыва граждан 1988-1979 годов рождения на воинскую службу в октябре-декабре 2006 года Қолданыста
Басқа 0
1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылғы қазан-желтоқсан айларындағы әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың қазан-желтоқсан айларындағы кезекті әскери қызметке шақыруына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың әскери қызметке шақыруын өткіз үшін шақыру комиссиясы құрылсын ( қосымшаға сәйкес).
Тармақ 2
2. Есіл қаласы. Красногорский кенті, селолық округ, село әкімдері және ұйым басшылары әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды олардың Есіл ауданы қорғаныс істері жөнідегі бөлімге шақырулары туралы құлақтандырып, уақытында келуін қамтамасыз етсін. Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөліміне азаматтардың әскери қызметке шақырылуын өткізуге көмектессін.
Тармақ 3
3. Есіл аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (келісім бойынша) кеңесші-диагностикалық емхана меңгерушісі (келісімі бойынша әскерге шақырылушылардың медициналық куәландырылуы үшін шақыру комиссиясы құрамында медициналық комиссия құрсын комиссия бекітілген лабораториялық тексеру кестесіне сәйкес медициналық куәландыруға.қажетті реактивтер, рентген пленкалары, миллиметрлік қағаздар мен (электрокардиограмма үшін) қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандық ішкі істер бөлімінің және желілік ішкі бөлімнің бастықтары (келісімдері бойынша) Есіл ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімімен тығыз байланыс жасай отырып әскери шақырк комиссиясы жүргізілуі кезінде сол пункттерде және әскерге шығарып сал күндерінде станцияларда шығарып салушылар арасында тәртіп сақталуын.әскерге бармаудан бас тартқан әскерге шақырылушыларды іздеп тауып, жеткізіп беруді қамтамасыз етсін, әскери шақыру кезінде Ақмола облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің кестесі бойынша облыстық медициналық бақылау комиссиясынан өтуге Көкшетау қаласына бару сапарында тәртін сақталуы үшін бір қызметкер іссапарға жіберсін.
Тармақ 5
5. Әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясына және әскерге аттандырылуға уақытында жеткізу жауапкершілігі қала, кент, селолық округ және село әкімдеріне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Есіл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (келісімі бойынша), әскери шақыру қортындысын 2007 жылдың 12 қаңтарынан кешіктірмей берсін.
Тармақ 7
7. Есіл аудандық әкімдігінің 2006 жылдың 20 наурызындағы № а-3/84 қаулысы бойынша «1988-1979 жылғы туылған азаматтарды 2006 жылдың сәуір-маусым айларында әскери қызметке шақыруын өткізу туралы» Есіл аудандық Әділет басқармасында 2006 жылғы 14 сәуірде №1-11-46 тіркелген қаулысының күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 8
8. Қаулы Есіл ауданы Әділет басқармасында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиісті.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ш.Шаяхметовке жүктелсін.
КЕЛІСІЛГЕН:
Қайсарбеков Орынбек Қабдоллаұлы
аудандық орталық
аурухана бас дәрігері
Мусин Талғат Әбдіқалықұлы
Есіл ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы
Паршин Константин Геннадьевич
қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы
Жүмабаев Марат Қарабұзауұлы
Есіл ауданы желілік
полиция бөлімінің бастығы
Басқа 10. Комиссия мүшелері:
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
қыркүйек 15 № а-9/197
қаулысына қосымша
Аудандық әскери шақыру комиссиисының ҚҰРАМЫ
Паршин Константин Геннадьевич қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы комиссия төрағасы (келісімі бойынша)
Ахметова Гүлнар Төлеппекқызы ішкі саясат бөлімінің бас маманы комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Қойшыбаева Жібек Қабдешқызы терапевт- дәрігер, медициналық комиссия төрайымы (келісімі бойынша)
Жүсүпбеков Бауыржан Таңатарұлы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша)
Бапишева Динара Ескенбайқызы аудандық кеңесші-диагностикалық емханасының медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)