О проведении приписки граждан 1988 года рождения к призывным участкам городских и районных управлений и отделов по делам обороны в 2005 году Күшін жойған
Басқа 0
1988 жылы туған азаматтарды
қалалық және аудандық қорғаныс
істері жөніндегі басқармалар мен
бөлімдердің шақыру учаскелеріне
2005 жылы тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 1993 жылғы 19 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңдарына сәйкес 1988 жылы туған азаматтарды қалалық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармалардың шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу үшін ШЕШІМ ЕТТІМ:
Тармақ 1
1. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, Қарағанды облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі Департамент бастығы (М.И. Дарманқұлов – келісім бойынша):
Тармақша 1
1) 2005 жылғы қаңтар-наурызда 1988 жылы туған азаматтарды қалалық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармалардың шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) қала (аудан) қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері мен басқармаларының шақыру учаскелеріне 1988 жылы туған азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссиялар құрсын, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелеріне жетекшілік жасайтын әкім орынбасарын комиссия төрағасы етіп тағайындасын;
Тармақша 3
3) қалалық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармалардың шақыру учаскелерін үй-жаймен, жиһазбен, кеңсе керекжарағымен, байланыс құралдарымен, кезекші автокөлікпен және коммуналдық қызметтермен (электр қуатымен, сумен, жылумен, тазалаумен және басқалармен) қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) медициналық және қызметшілер мен қызмет көрсететін құрамның қажетті мөлшерін бөлсін, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша шалғай аудандарда тұратын тіркелуге тиісті азаматтарды шақыру учаскелеріне әкелу мен кері апаруды ұйымдастырсын;
Тармақша 5
5) қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармалар бастықтарына көмек көрсету мақсатында қажетіне қарай, тіркеу комиссиялары жанында қалалар мен аудандар прокурорларымен келісім бойынша құрамында: қалалық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармалар, жергілікті ішкі істер органы қызметкерлері бар тіркеуден бұлтаратын адамдарды іздестіру жөніндегі оперативті топтар құрсын;
Тармақша 6
6) тіркеу аяқталысымен оның қорытындыларын және 2005 жылы қатардағы әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мәселелерін қарастырсын.
Тармақ 2
2. Қарағанды облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі Департамент бастығы (М.И.Дарманқұлов – келісім бойынша) 1988 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеудің қорытындылары туралы ақпаратты облыс әкіміне 2005 жылғы 20 сәуір қарсаңында ұсынсын.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің орынбасары (Е.Л.Тоғжанов) 2005 жылғы қаңтарда қалалық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармалар бастықтарын, тіркеу жөніндегі комиссиялар төрағаларын, ішкі істер, денсаулық сақтау, білім беру органдарының және басқа да мүдделі адамдарды шақыра отырып, азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кеңес өткізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ.К.Ермекбаев) қалалық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқарларымен бірлесе отырып, келісім-шарт негізінде шақыру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ішкі істер бас басқармасы (А.В. Кулинич – келісім бойынша) Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 28 бабына сәйкес әскери міндеттерін орындаудан бұлтаратын адамдарды іздестіруге, әкеліп жеткізуге және қажет болған жағдайда ұстауға қолғабыс көрсетсін.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы (А.К.Молотовник) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеумен байланысты шараларды «Тіркеу және әскери қызметке шақыру жөніндегі шаралар» бағдарламасы бойынша бюджетте көзделген қаржылар шегінде қаржыландырсын.
Тармақ 7
7. Қарағанды облысы әкімінің «1987 жылы туған азаматтарды қалалық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармалардың шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы» 2003 жылғы 9 желтоқсандағы №31 шешімінің күші жойылған деп танылсын, 2003 жылғы 29 желтоқсандағы тіркеу № 1366.
Тармақ 8
8. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа жұктелсін.
КЕЛІСІЛДІ
Қарағанды облысы бойынша Қорғаныс
істері жөніндегі департамент бастығы
___________________ М.И. Дарманқұлов
«15» желтоқсан 2004ж.
КЕЛІСІЛДІ
Қарағанды облысы Ішкі істер
Бас басқармасының бастығы
___________________ А.В.Кулинич
«15» желтоқсан 2004ж.