1988 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаны істер жөніндегі бөлімінің шақыру участкесінде 2005 жылы тіркеуді өткізу туралы.
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарына сәйкес және Қарағанды облысы әкімінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы «1988 жылы туған азаматтарды қалалық және аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің шақыру участкелеріне 2005 жылы тіркеуді өткізу туралы» (2004 жылдың 28 желтоқсанында мемлекеттік тіркеу тізімінде нормативтік құқықтық актілердегі тіркелген нөмірі 1672) № 59 шешімін орындау мақсатында, 1988 жылы туған азаматтарды Нұра аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру участкесіне тіркеу жүргізуді сапалы ұйымдасқан түрде өткізу үшін аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1988 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаны істер жөніндегі бөлімінің шақыру участкесінде 2005 жылы тіркеуді өткізу туралы от 30.12.2004 г. № 18/02 (1988 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаны істер жөніндегі бөлімінің шақыру участкесінде 2005 жылы тіркеуді өткізу туралы)
1. 1988 жылы туған азаматтарының тіркеуі 2005 жылы ақпан айының 1-11 аралығында өткізілсін.
2. Қосымшаға сәйкес аудандық тіркеу комиссиясы құрылсын.
3. Аудандық медициналық бірлестігі (Еспаев Бөкеш Орақұлы – келісім бойынша):
1) 1988 жылы туған азаматтардың медициналық комиссиядан өту кестесін құрсын:
2) тіркеу мәліметтерін есепке алу, емдеуге жіберілетін азаматтардың тізімін есепке алу кітабын дайындалсын;
3) шақыру участкесіндегі медициналық комиссияны қажетті мамандармен және медбикелермен, медициналық дәрі-дәрмек, құрал-жабдық және мүлікпен қамтамасыз етсін;
4) тіркеуге жататын азаматтарды лабораториялық, флюрографиялық зерттеуден өткізуді қамтамсыз етсін.
4. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы (Жолболдин Қайролла Шәріпұлы – келісім бойынша):
1) маман дәрігерлермен, медбикелермен машық сабақтарын өткізсін;
2) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінде тіркеуді өткізетін орын дайындалсын;
3) 1988 жылы туған азаматтарды шақыру участкесіне тіркеудің қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2005 жылғы 5 наурыз қарсаңында ұсынсын.
5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Канафин Асхат Нұрмүхамедұлы – келісім бойынша) Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 28 бабына сәйкес әскери міндеттерін орындаудан бұлтаратын адамдарды іздестіруге, әкеліп жеткізуге және қажет болған жағдайда ұстауға қолғабыс көрсетсін.
6. Аудандық қаржы бөлімі (Николай Анатольевич Баранов) аталмыш шараларды өткізу үшін бюджеттен қажетті қаржы бөлсін.
7. Аудан әкімиятының 2004 жылғы 12 қаңтардағы «1987 жылы туған азаматтарды Нұра аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы» № 01/03 қаулының күші жойылған деп танылсын, 2004 жылы 27 қаңтардағы тіркеу № 1395.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әдиша Көнекбайқызы Есмағамбетоваға жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық қорғаныс істер жөніндегі
бөлімінің бастығы
Қ.Ш.Жолболдин
«30» 12 2004 ж.
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы
А.Н.Канафин
«30» 12 2004 ж.
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық медициналық бірлестігінің
директоры
Б.О.Еспаев
«30» 12 2004 ж.
қосымша
аудан әкімиятының
2004 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 18/02 қаулысына
Аудандық тіркеу комиссияның құрамы:
1. Есмағамбетова Әдиша Көнекбайқызы – комиссия төрайымы, аудан әкімнің орынбасары
2. Жолбодин Қайролла Шәріпұлы – комиссия төрайымының орынбасары, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы
3. Несіпбаева Ақшабақ – комиссия хатшысы
4. Қалитов Сағдат – қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің өкілі, 2-ші бөлімшенің жауапты атқарушысы
5. Мұхамеджанова Бахыт Абдығаппарқызы – дәрігер психиатр
6. Красножен Анатолий Федорович – дәрігер хирург
7. Рахымбекова Махабат Нұрғалиқызы – дәрігер окулист
8. Тасымова Ләзат Зейнекенқызы – дәрігер дерматовенеролог
9. Карпович Станислав Станиславович – дәрігер стоматолог
10. Бапанова Ажар Нұржігітқызы – дәрігер стоматолог
11. Абдрахманов Бахтан Наурызбайұлы – дәрігер лор