О проведении приписки граждан 1988 года рождения к призывным участкам в 2005 году Күшін жойған
Басқа 0
1988 жылы туған азаматтарды 2005 жылы
шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 29-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, сондай-ақ «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 1993 жылғы 19 қаңтардағы № 9000 Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 35 баптарына, «Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 28 қазандағы № 1072 қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Аудандық және қалалық әскери комиссариаттар 2005 жылғы қаңтар-наурыз айларында тіркеу жылында 17 жасқа толатын, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкімдері әскери комиссариаттардың қарамағына медициналық куәландыру, келген шақырушыларды, қажетті мөлшерде техникалық қызметкерлерді орналастыру үшін үй-жай және шақырушыларды құлақтандыру, жеткізу, олардың тұрғылықты жерлерін анықтау үшін автокөлік беру мәселесін шешсін.
1988 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді сапалы дайындау үшін аудандық және қалалық әскери комиссариаттарды уақытында қаржыландыру жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Барлық оқу орындырының, ұйымдар мен облыстың басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінің басшылары әскери қызметке жастардың даярлығын ұйымдастырсын, 1988 жылы туған азаматтардың тіркеуге ұйымдасқан түрде және дер кезінде келулерін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Маман дәрігерлердің, орта медицина қызметкерлерінің, техникалық қызметкерлердің, қамтушы қызметкерлерінің еңбегіне ақы және іссапарлық шығындарды төлеу, тіркеуді жүргізу кезінде шақырылушыларды тіркеу учаскелеріне жеткізу жөніндегі көлік шығындарын өтеу жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізілсін. Тіркеуді жүргізу барысында тәрбие және мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы (Андагулов К.Б.):
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде
Медициналық куәландыру туралы ережесі іске енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 1995 жылғы 28 наурыздагы № 61 бұйрығының талаптарына сәйкес әскери комиссариаттардың
медициналық комиссияларын білікті маман дәрігерлермен, орта медициналық қызметкерлермен, қажетті жабдықтармен, құрал- саймандармен және медикаменттермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) облыстың емдеу мекемелерінде шақырылушыларды клиникалық зерттеу және емдеу үшін қажетті мөлшерде төсектер бөлсін. Әскери комиссариаттың жолдауы бойынша емдеу үшін шақырушылардан ақша алуына тыйым салсын. Стационарлық жагдайда шақырылушыларды емдеуге және зерттеуге жұмсалған шығындардың өтемақысы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ұсынылған тізілімдер бойынша жүргізсін;
Тармақша 3
3) 2005 жылы тіркелуге жататын азаматтарды медициналық куәландыру және емдеу жүргізілетін емдеу мекемелерін белгілесін;
Тармақша 4
4) облыстық әскери комиссариатпен бірге әскери қызметке азаматтарды даярлауды медициналық қамтамасыз етудің жоспарын, сондай-ақ медициналық көмектің көлемін және жергілікті жерлерде қарауды белгілеп, шақырылуға тиісті және шақырылушы жастарды сауықтыру бағдарламасын жасасын.
Тармақ 6
6. Облыстық білім департаменті (Ферхо С.И.), облыстық әскери комиссар (Мукашев К.М., келісімі бойынша ) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу және олардың дене шынықтыру даярлығын тексеру жөнінде комиссия құрсын.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер бас басқармасы (Кунгожинов С.Т.) тіркеу кезінде жергілікті ішкі істер органдарының әскери комиссариаттармен бірге тіркеуден жалтарушы адамдарды іздестіру және шақыру учаскелерінде тәртіп сақтауды қамтамасыз ету мәселелерінде өзара әрекет жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.В. Гречухинге жүктелсін.
Тармақ 9
9. «1987 жылы туған азаматтарды 2004 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы» облыс әкімінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 55, тіркеу нөмірі 1559 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.