О проведении призыва граждан 1988 года рождения на срочную военную службу весной и осенью 2006 года Күшін жойған
Басқа 0
2006 жылы көктемде – күзде 1988 жылы туған азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу Ережесіне» сәйкес 1988 жылы туған азаматтарды сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру немесе шақырудан босату құқығы жоқ 27 жасқа дейінгі азаматтардың әскерге шақырылуын ұйымдастыру және сапалы өткізу, 2006 жылғы көктемінде және күзде әскери бөлімдерге баруын жоспарлы және ұйымды түрде жіберу мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31,37 баптарын басшылыққа алып қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Саран қаласы, Жеңіс көшесі 26 мекен-жайы бойынша Саран қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде әскерге шақыру пункті ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік жәнеи әскери қызмет туралы» Заңының 20 бабы, 1 тармағына сәйкес қалалық әскерге шақыру комиссиясының жеке құрамы бекітілсін:
Комиссия төрағасы:
Үйсінбай Әлиұлы Қанафин – Саран қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы
Комиссия төрағасының орынбасары:
Байметова Айман Әсетқызы – «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі
Комиссия мүшелері:
Галина Владимировна Белашова – «Саран қаласының орталық қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының емханалық жұмыс жөніндегі меңгерушісі
Ерболат Тінібекұлы Балабеков - Саран қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Владимир Герасимович Чен - «Саран қаласының орталық қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының отоларинголог-дәрігері, медициналық персонал жұмысының басшысы, медициналық комиссия төрағасы
Хатшы:
Наталья Петровна Малюкова - «Саран қаласының орталық қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі
Шақыру комиссиясы мүшелерінің ауырып қалу немесе басқа да дәлелді себептермен болмаған жағдайда оларға мына құрамда резерв қарастырылсын:
Комиссия төрағасы:
Абай Кәріғұлұлы Құнанбаев – Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бастығының орынбасары
Комиссия төрағасының орынбасары:
Гапонова Татьяна Васильевна – «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы
Комиссия мүшелері:
Галина Владимировна Белашова – «Саран қаласының орталық қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының емханалық жұмыс жөніндегі меңгерушісі
Ерболат Тінібекұлы Балабеков - Саран қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Қайыржан Мәкімұлы Бөпебаев - «Саран қаласының орталық қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының хирург-дәрігері, медициналық персонал жұмысының басшысы, медициналық комиссия резервтегі төрағасы
Інібек Молдабайұлы Қалиев – Саран қалалық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары
Татьяна Николаевна Шаравина - «Саран қаласының орталық қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының педиатр-дәрігері
Хатшы:
Галина Анатольевна Локшина - «Саран қаласының орталық қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі
Тармақша 1
1) қалалық әскерге шақыру комиссиясы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19,20,21,23,27,28 баптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу Ережесі» талаптарын өз жұмысында қатаң түрде басшылыққа алсын;
Тармақша 2
2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін:
көктемде 2006 жылы 1 сәуірден 30 маусымға дейін және күзде 1 қазаннан 30 желтоқсанға дейін;
Тармақша 3
3) комиссия төрағасы комиссия отырысын толық емес құрамда жүргізуге жол бермесін және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік жәнеи әскери қызмет туралы» Заңының 44 бабы, 4 тармағына сәйкес комиссия мүшелері медициналық, техникалық қызметкерлерінің әскери шақыру міндеттерін орындаған уақытында олардың жұмыс орны, лауазымы және орташа еңбекақысы сақталсын.
Тармақ 3
3. Саран қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Ү.Ә.Қанафин (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) белгіленген мерзімде шақыру комиссиясына азаматтарды шақыруды жүргізсін және әскерге шақырылғандар шақыру учаскесіне келуін бақылаумен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) қалалық ішкі істер бөліміне әскерге шақырылғандар шақыру комиссиясына себепсіз келмеу жағдайлары жөнінде хабарлап, оларға іздеу салынсын деп хабарласын;
Тармақша 3
3) 2006 жылдың күзі мен көктемінде әскерге шақыру кампаниясын өткізу кезеңде қалалық бюджеттен бөлінген қаржыны тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңымен белгіленген тәртібі бойынша шақыру компаниясын өткізу және оларды әскери бөлімге жөнелту кезінде әскерге шақырылғандарды көлікпен тасымалдау жөніндегі қызмет көрсету үшін мемлекттік сатып алулар өткізсін;
Тармақша 4
4) әскерге шақыру компаниясын өткізу және өткізіліп жатқан медициналық куәландыру кезеңде әскерге шақырылғандар арасында арам және жұқпалы аурулар пайда болуын болдырмау және олардың таратылмау мақсатында барлық дәрігерлік кабинеттерде санитарлы-індет нормалары мен ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 5
5) Саран қаласының әкіміне 2006 жылдың күзі мен көктеміне 1988 жылы туған азаматтарды және жасы үлкен жастағылардың мерзімді әскери қызметке өткізілген шақырудың қорытындылары туралы ақпаратты 2006 жылдың 1 маусым және 31 желтоқсан айларында тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік жәнеи әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес «Саран қаласының орталық қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Қ.Қ.Сатова (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шақыру комиссиясына әскерге шақырылу жасындағы азаматтарды медициналық куәландыру үшін маман-дәрігерлер, хирург, терапевт, невропатолог, психиатр, окулист, отоларинголог, дерматовенеролог, стоматолог мамандықтары бойынша жұмыс өтілі бар орта медициналық персоналдар бөлінсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша әскерге шақырылғандарды қалалық емделу стационарлық мекемелерінде қосымша зерттелу үшін қажет ауруханалық орындар бөлінсін;
Тармақша 3
3) Саран қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің есебіне және жоспарына сәйкес Саран қаласы және Ақтас поселкесінің емделу мекемелері арқылы барлық әскерге шақырылу жасындағы азаматтарды флюорография, электрокардиограмма, анализдерінің тапсырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) әскерге шақыртылған азаматтардың тіркелімі өткеннен кейін және Саран қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы емделулері қажет ететін азаматтардың тізімін ұсынғаннан кейін оларды емдеу мекемелеріне бекітсін және кезекті әскерге шақыртылуына дейін олардың емделуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ақтас поселкесінің әкімі, нысана түріне қарамастан қала кәсіпорындар, мекемелер, ұйым басшылары:
Тармақша 1
1) Саран қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының талабы бойынша іссапарға, демалысқа кеткен әскерге шақыртылған азаматтар қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде комиссиядан өту үшін қайта шақыртылсын, олардың құлақтандырылуын ұйымдастырсын және әскерге шақыру комиссиясына азаматтардың келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыртылған азаматтар шақыртылу кезеңінде амбулаторлық тексеруден өтуге, стационарлық зерттеулер, сондай-ақ амбулаторлық анализдер тапсыру үшін жұмыстан босатылсын;
Тармақша 3
3) Саран қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақырту қағазы бойынша мерзімді әскери қызметке шақыртылған азаматтарға толықтай есеп айырыссын.
Тармақ 6
6. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі К.О.Тұңғышбаева Саран қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің тапсырысы бойынша әскерге шақыру кезеңіне техникалық жұмыстарды атқару үшін 5 қоғамдық жұмыскер бөлсін;
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік жәнеи әскери қызмет туралы» Заңының 18, 44 баптарына сәйкес Саран қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Д.А.Байбосынов (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Саран қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығына әскерге шақыртылған азаматтарға қатысты тергеу және алдын ала анықтау жүргізілуі жөнінде жеті күн мерзім ішінде хабар берсін;
Тармақша 2
2) жалпыға бірдей әскери борышын өтеуден бас тартқан азаматтардың ұсталуын, олардың іздестірілуін жүргізсін. Әскери қызметтен бас тартқан азаматтардың жеткізілуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскери бөлімге шақыртылған азаматтарды әскери бөлімге жіберу кезеңінде шақырту пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. «Саран қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Р.Б.Малшыбекова Саран қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің құжаттары бойынша 2006 жылға арналған қаржыландыруын жиынтық жоспарына сәйкес әскерге шақыру кампаниясының уақтылы қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының қабылдануына байланысты нормативтік құқықтық тіркеу мемлекеттік Реестрінде (№8-7-9) тіркелген және 2005 жылғы 29 қазандағы қалалық «Ваша газета» газетінде жарияланған, 2005 жылғы 22 қыркүйектегі саран қаласы әкімдігінің осындай «2005 жылы көктемде – күзде 1987 жылы туған азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы» № 285 қаулысы өз күшін жойды деп саналсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және қалалық ««Ваша газета» газетінде жарияланған» күннен бастап өз күшіне енеді.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Н.Кимге жүктелсін.
«КЕЛІСІЛГЕН»
№ р/н
Датасы
Нормативтік құқықтық акт
Лауазымы
Қолы, мөр
1.
17.02.2006
Ескертусіз келісілген
Саран қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы
Үйсінбай Әлиұлы Қанафин
2.
17.02.2006
Ескертусіз келісілген
«Орталық қалалық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры Қалима Құсайынқызы Сатова
3.
17.02.2006
Ескертусіз келісілген
Саран қаласының ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы Дүйсенбай Ахметұлы Байбосынов