О проведении приписки к призывным участкам граждан 1988 года рождения и подготовки молодежи к призыву на срочную военную службу Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1988 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тізімге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы"  Заңына   сәйкес және 1988 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тізімге алуды уақытылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында облыс әкімі  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1988 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскелерінде тізімге алынсын.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкімдері:
Тармақша 1
1) жергілікті жерлерде тізімге алу жөніндегі тиісті комиссиялар төмендегі құрамда құрылсын: комиссия төрағасы әкімнің орынбасары; төраға орынбасары қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) бастығы; комиссия мүшелері-дәрігерлер хирург, терапевт, психиатр, отоларинголог, стоматолог, дерматолог; қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) өкілі қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) қызметкерлері; комиссия хатшысы орта медициналық қызметкерлер;
Тармақша 2
2) қорғаныс істер жөніндегі бөлімшелерді арнайы құрал-жабдықтармен, қажетті техникалық жұмысшылармен, қызмет етуші персоналдармен және көлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) 1988 жылы туылған, сондай-ақ әскерге шақыру учаскелерінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде, толық және ұйымшылдықпен тізімге алуды қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) тізімге алу кезінде техникалық жұмысшылардың, қызмет етуші персоналдың еңбекақысын төлеу шығындарын жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Ішкі істер бас басқармасы (Қ.Н. Қасымов):
Тармақша 1
1) 2005 жылғы 5 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге  жасөспірімдердің істері жөніндегі инспекцияларда есепте тұрған жастардың тізімін берсін;
Тармақша 2
2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге, әскерге шақыру учаскелерінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруде көмек көрсетсін, ол үшін аудандық (қалалық) ішкі істер бөлімдері мен қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер өкілдерінен іздестіруді бақылау   және іздестіру топтарын құрсын;
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Б.Н.Садықов):
Тармақша 1
1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелер   тізімге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлесін, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;
Тармақша 2
2) 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге 1988 жылы туылған жастарға амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын,   сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде және жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрғандардың тізімін тапсырсын;
Тармақша 3
3) тізімге алуға дейін 1988 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;
Тармақша 4
4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман-дәрігерлеріне тапсырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Н.Д.Бөлекбаева):
Тармақша 1
1) қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен аудандық (қалалық) бөлімдерге мүгедек деп танылатын 1988 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық білім департаменті (Т.Е.Естенов):
Тармақша 1
1) тізімді алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге   мұғалім бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) 1988 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
Тармақ 7
7. Облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасы (Ә.Ж.Жайлаубеков):
Тармақша 1
1) кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) тізімге алу кезінде шақырылушы жастар арасында әскери-патриоттық сұрақтар бойынша тәрбиелік және түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырып, өткізсін.
Тармақ 8
8. Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (Т.Р.Мәукебаев) осы шешімнің орындалу барысы туралы Алматы облысының әкіміне 2005 жылдың 20 сәуіріне дейін ақпарат тапсырсын.
Тармақ 9
9. Облыс әкімінің 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 12-172 шешімінің күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А.Долженковқа жүктелсін.