О проведении приписки граждан 1988 года рождения к призывным участкам районов "Алматы" и "Сарыарка" города Астаны Күшін жойған
Басқа 0
1988 жылы туған азаматтарды Астана қаласы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы
Астана қаласы әкімінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 33-10-2 шешімінен
үзінді:
"Әскери міндеттер мен әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарымен сәйкестендіру мақсатында Астана қаласының әкімі ШЕШТІ:
Астана қаласы әкімінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 3-1-393 "1988 жылы туған азаматтарды Астана қаласы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы" (Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 19 қаңтарда N 370 болып тіркелген; 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 12 "Вечерняя Астана", 2005 жылғы 22 қаңтардағы N 10-11 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Әкім
"Жалпыға бірдей әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 28 қазандағы N 1072 "Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы қаулысын орындау барысында, 1988 жылы туылған жасөспірімдерді әскери есепке алу олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын анықтау, жалпы білім деңгейін, алған мамандығын және дене бітімі дайындығының деңгейін анықтау мақсатында Астана қаласының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1988 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды Астана қаласы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеуден өткізу үшін Заңның 12-бабына сәйкес "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдері тіркеу бойынша комиссиялар құрсын, тіркеу бойынша комиссияның жұмысын Заңның 35-бабына сәйкес қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. "Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесіне:
Тармақша 1
1) медициналық комиссияларды қызметкерлермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) медициналық комиссияларды тиісті мүлікпен, құрал-саймандармен және жабдықтармен қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) тексеру актісін жасай отырып, комиссия белгілеген мерзімде тіркеуге жататын азаматтарды тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) қаланың емдеу-сауықтыру мекемелерінде флюорографиядан өту, қан, несеп анализдерін тапсыру, электрокардиограммаға түсіру, сондай-ақ тісін емдетуді қажет ететін азаматтардың ауыз қуыстарын емдеу жұмыстарын ұйымдастырсын;
Тармақша 5
5) комиссияның жұмысы "Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы бекіткен кестеге сәйкес ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. "Астана қаласының Білім департаменті" мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) тіркеуге жататын азаматтар шақыру қосынына келіп, әскер жасына дейінгі азаматтардың әскери міндетін орындау үшін қажетті әскери есепке тұруына байланысты оқудан уақытша босатсын;
Тармақша 2
2) тіркеуге жататын азаматтарға оларды Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына шақыру туралы хабарласын және осы бойынша уақытылы келсін.
Тармақ 4
4. "Астана қаласының Ішкі істер бас басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) жалпыға бірдей әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіріп, ұстауды жүргізсін;
Тармақша 2
2) комиссияның азаматтарды шақыру қосынына тіркеу жұмыстарының барысында шақыру қосынында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін тіркеудің барлық кезеңіне (қаңтар-наурыз) қызметкер бөлсін.
Тармақ 5
5. "Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті" мемлекеттік мекемесі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне 2005 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурызы аралығында тіркеуге жататын азаматтарға хабарлау, техникалық жұмыстарды орындау үшін бағыттау жолымен 30 адам мөлшеріндегі жұмыссыз азаматтардың жіберілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Астана қаласы әкімінің 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 3-1-877 "1987 жылы туған азаматтарды Астана қаласы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы" (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 19 қаңтарда N 305 болып тіркелген; 2004 жылғы 11 наурыздағы N 28 "Вечерняя Астана", 2004 жылғы 7 ақпандағы N 19 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп табылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.
Әкім
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Құжаттамалық сараптама
бөлімінің меңгерушісі
КЕЛІСІЛГЕН
"Алматы" ауданының әкімі
"Сарыарқа" ауданының әкімі
"Астана қаласының Қаржы
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
"Астана қаласының Ішкі істер
бас басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
"Астана қаласының Денсаулық
сақтау департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
"Астана қаласының Еңбек,
халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік қорғау департаменті"
мемлекеттік мекемесінің
бастығының міндетін атқарушы
"Астана қаласының Білім
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
"Астана қаласының Қорғаныс
істері жөніндегі департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы