О проведении приписки граждан 1988 года рождения к призывным участкам в городских отделах и управлений по делам обороны Мангистауской области Күшін жойған
Басқа 0
Маңғыстау облысының қалалық және аудандық әскери комиссариаттарының әскерге шақыру участкелерiне 1987 жылы туылған азаматтарды тiркеуді жүргiзу туралы
" Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және " Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес шешiмiн:
Тармақ 1
1. Облыстың қалалары мен аудандарының әкiмдерi қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерімен және басқармасымен бiрлесіп:
1988 жылы туылған азаматтарды, сондай-ақ бұрын шақыру участкелерiнде тiркеуден өтпеген, жасы үлкен азаматтарды 2005 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру участкелерiне тiркеуді қамтамасыз етсiн;
шақыру участкелеріне азаматтарды тiркеуден өткізу үшін тиiстi комиссиялар құрылсын;
комиссияның жұмыс iстеуіне арнап жабдықталған орын-жайлар бөлсiн;
азаматтарды тiркеу жөніндегі комиссияның жұмыс iстеуі үшін техникалық қызметкерлердің, қызмет көрсете қамту қызметшілері мен көлiктің қажетті санын бөлсiн.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облыстық iшкi iстер басқармасы (С.Ғ.Шахманов - келісім бойынша):
азаматтарды тіркеу кезеңінде жергілікті ішкі істердің органдары қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерімен және басқармасымен өзара іс-қимылын ұйымдастырсын және шақыру участкелерінде реттілік пен тәртіпті қамтамасыз етсін;
облыстың барлық аумағында әскер жасына дейінгілердің шақыру участкелеріне келуін бақылауды жүзеге асырсын және олардың тiркелуден жалтару әрекетінің жолын кессiн.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына (С.К.Төралиев):
қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқарманың өтінімдері бойынша тіркеуге жататын азаматтарды медициналық куәландыру үшін дәрігер мамандарын бөлсін;
шақыру участкелерін қажетті дәрі-дәрмектермен, құрал-аспаптармен және медициналық мүліктермен жасақтасын;
әскер жасына дейінгілерді 2005 жылдың 10-шы қаңтарынан бастап 31-ші наурызға дейін флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, талдамаларын тапсыруын, қан топтарын және қанның микрореакциясын анықтауды қамтамасыз етсін;
тiркелгендерді сапалы медициналық куәландыруды қамтамасыз етсін, қажет болған жағдайда қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері мен басқармасының медициналық комиссияларының жолдамасы бойынша әскер жасына дейінгі жасөспірімдерді тұрақты орында қосымша бақылау және емдеуді ұйымдастырсын, бұл үшін облыстың емдеу мекемелеріне қажетті санда төсектік-орын бөлсiн;
денсаулығында ауытқушылығы бар жасөспірімдерді сауықтыру жөнінде барлық шараларын алсын.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық қаржы басқармасы (Х.Х.Нұрғалиева):
азаматтарды тіркеуді жүргізуге байланысты шығындарды, 2005 жылға арналған жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Қорғаныс істері жөніндегі департамент (Б.А.Қалиев - келісім бойынша):
жасөспірімдерді шақыру учаскелеріне тiркеудi толық қамтуға қол жеткізсін және оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiне қызмет етуге әзірлеуді ұйымдастырсын;
2005 жылдың 10 сәуiріне дейiн 1988 жылы туылған азаматтарды шақыру участкесiне тiркегендігі туралы ақпарат берсiн.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Б.Керелбаевқа жүктелсін.