О выполнении Закона Республики Казахстан «О воинской обязанности и воинской службе» по проведению очередного призыва граждан 1988 года рождения и старших возрастов, потерявших право на отсрочку от призыва, на срочную воинскую службу и отправке их в Вооруженные силы Республики Казахстан Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының орындалуына 1988 жылы туған және кейінге қалдыруға құқығы жоқ ересек азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына оларды аттандыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабындағы 1 тармаққа 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасыньщ «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 23 бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусым мен қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2006 жылғы 18 сәуірдегі №96 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әскери қызметке жастарды дайындау -және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ережелерін бекіту туралы» 2003 жылғы 22 қаңтардағы №76 қаулыға сәйкес және, он сегізден жиырма жеті жасқа дейін кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқықтары жоқ азаматтар мерзімді әскери қызметке шақыруға жататынды ескеріп, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1988 жылы туған азаматтарды және (1979 -1988 жылдары туған) шақырудан кейінге қалдыруға құқығы жоқ ересек азаматтарды, 2006 жылгы сәуірден-маусымға және қазаннан-желтоқсанға дейін мерзімді әскери кызметке шақыру және аттандыру өткізілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңның 20 бабы 1 тармағы негізінде
Тармақша 1
1) төмендегі құрамында шақыру комиссиясы құрылсын: комиссия төрағасы - ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы (келісумен); комиссия төрағасының орынбасары - «Тимирязев ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығы; комиссия мүшелері: аудандық ішкі істердің бөлім бастығының орынбасары (келісумен); дәрігерлік қызметшілердің жұмысын баскаратын дәрігер (келісумен), дәрігерлік комиссия төрағасы; комиссия хатшысы.
Тармақша 2
2) шакыру комиссия құрамда дәрігерлік комиссия құрылсын, онда дәрегерлер-мамандарды қоссын (келісумен): терапевтті, фтизиатрды, психиатрды, отоларингологті, невропатологті, тіс дәрігерді, дерматовенерологты, хирургты, рентгенологті, көз дәрігерін.
Тармақ 3
3. Тимирязев аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Есдаулетов (келісумен):
Тармақша 1
1) корғаныс істері жөніндегі боліммен келісілген кесте бойынша, шақырушылардың амбулаторлық және диспансерлік карталарын, қажетті анализдер тапсыру откізілсін де медициналық есепте тұратын шақырылушылар тізімі ауданның қорғаныс істері жөніндегі болімнің сұрауы бойынша берілсін;
Тармақша 2
2) шақырылушыларды стационарлык зерттеу үшін Тимирязев аудандық орталық ауруханасы он жататын орындар ерекшелеп берсін, осы мақсаттар орындалу үшін бұйрығымен кажетті мамандарды міндеттеп бекітсін;
Тармақша 3
3) дәрігерлермен жұмыс істеу үшін шақырылушыларды медициналық куәландыру жөніндегі жұмыс тәжірибесі бар торт мейірбикелер атап шығарылсын.
Тармақ 4
4. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық, техникалық жұмысшылары мен қызмет етудегі персоналдың негізгі жұмыс істеу ұйымдарының басшылары осы міндеттерді орындау кезінде олардың жұмыс және лауазымдық орындарын мен жалақыларын сақтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Тимирязев ауданының қаржы болімі» мемлекеттік мекеме бастығы Циммерман И.В. Әскери қызметке азаматтарды шақыру откізуіне арналған қаражатты дер кезінде бөліп қамсыздандырсын.
Тармақ 6
6. «Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» мәмлекәттік мәкәмәгә күші бар заңға сәйкес шақыруды откізу уақытқа еңбек ақы төлеуімен бес адам санында техникалық кызметкерлермен жеке еңбекті келісімшарттар бекітсін, сонымен қатар автомобильдік колік жалға алуға қаражат бөліп қамсыздандырсын.
Тармақ 7
7. Ауылдық округтердің әкімдері шақыру комиссияға алыс жерде тұрушы әскер қатарына шақырылған адамдарды, тұрақ орынынан шақыру пунктіге дейін және тұрақ орынына дейін кері жауапты бірге жүруші тұлғамен жеткізуін қамсыздандырсын.
Тармақ 8
8. Ұйымдардың басшылары шақыруға жататын азаматтарды іссапарлықтан, демалыстардан шақырып алсын және оларға хабарлау және шақыру учаскеге дер кезінде келіп жетуді ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Аудандық ішкі істерінің бөлім бастығы Султанов Қ.Қ. (келісумен) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 44 бабы 2 тармағына сәйкес әскери қызметке шақырудан жалтарып отырған тұлғалардың жеткізуін қамсыздандырсын, сонымен қатар ауданның қорғаныс істері жөнінде бөлім ұсынған кесте бойынша облыстық шақыру пунктіге командаларды жіберу және аттандыруда коғамдық тәртібін қамтамасыз етуіне арналған бір қызметкер полициядан ерекшеленіп берілсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бакылау әлеуметтік сұрактар жөнінде аудан әкімінің орынбасары Ганжа Л.В., ауданның қорғаныс істері жөніндс бөлім бастығы Константинов А.Н. (келісумен). Ескертусіз келісілген Константинов Александр Николаевич Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөнінде бөлім бастығы 20 сәуір 2006 жылы Султанов Қайрат Қаирбекұлы Тимирязев аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы 20 сәуір 2006 жылы Есдаулетов Толеген Тулеуович Тимирязев аудандык орталык аурухананың бас дәрігері 20 сәуір 2006 жылы