О проведении призыва граждан 1989 – 1989 годов рождения на срочную воинскую службу весной, осенью 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1980 - 1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылғы көктемгі, күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 23, 44 бабтарына сәйкес және Қазақстан республикасының «Қазақстан республикасындағы жеогілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық шақыру комиссиясы осы құрамда бекітілсін: Назымбеков Серік Назымбекұлы – ауданның қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша); Көбжанов Нүркен Сафиддинұлы – аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері: Нұрмағамбетов Гайдар Игітайұлы – ауданның ішкі істер бөлімі бастығының Қызметкер жөніндегі орынбасары (келісім бойынша); Голикова Елена Владимировна – «Аудандық медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының дәрігер-терапеві (бұдан әрі – «АМБ» КМҚК), медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша); Тимащук Светлана Алексанлровна – «АМБ» КМҚК медбикесі, медициналық комиссиясының хатшысы (келісім бойынша);
Тармақ 2
2. Ауданның қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің (бұдан әрі ҚІБ) бастығы Серік Назымбекұлы Назымбековке (келісім бойынша) Осакаров ауданының ҚІБ шақыру учаскесінде 2007 жылғы мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізсін.
Тармақ 3
3. Сырқатқа немесе басқа да себептерге байланысты шақыру комиссиясының мүшелері жоқ жағдайда резервтік комиссия құрамы бекітілсін: Оспанов Бектұрсын Әжібайұлы – ҚІБ бастығының орынбасары – жұмылдыру даярлығы мен аумақтық ҚІБ қорғаныс бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы, (келісім бойынша); Абильдин Нұржан Шәймерденұлы – аудан әкімінің орынбасары, комиисия төрағасының орынбасары; Ан Виктор Олегович – ауданның ішкі істер бөлімінің орынбасары, тергеу бөлімінің бастығы (келісім бойынша); Бурхин Иван Павлович – «АМБ» КМҚК дәрігер – хирургі (келісім бойынша).
Тармақ 4
4. Аудандық шақыру комиссиясының барлық мүшелері азаматтарды жедел әскери қызметтік шақыру кезеңіне өз міндеттерін атқарудан жұмыс орындары мен еңбекақысы және атқаратын қызметтері сақтала отырып босатылсын.
Тармақ 5
5. «АМБ» КМҚК директоры Қанат Ерекеұлы Сәдуақасовқа (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) аудандық шақыру комиссиясының қарамағына қажетті біліммен қаруланған, іс-тәжірибесі мол қажетті білікті дәрігер – мамандар сондай-ақ, медициналық куәландыру өткізуге орта маманды медициналық қызметкерлер бөлсін;
Тармақша 2
2) аудандық шақыру комиссиясы қажетті медициналық құрал-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етілсін;
Тармақша 3
3) стационарларда аудандық шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша әскерге шақырылушылардың денсаулығын қосымша тексеруден өткізу үшін резервтік орындар сақталсын;
Тармақша 4
4) барлық әскерге шақырылушыларды кеуде клетканың флюорографиядан, электрокардиограмма және басқа қажетті талдаулардан өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 5
5) әскерге шақырушыларды тексеру үшін электрокардиограммалық таспалары, рентген үлдірлері резервте болсын;
Тармақ 6
6. Кентер мен селолық округтердің әкімдері және меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер басшыларына міндеттелсін:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушылар ауданның ҚІБ шақырылушылары туралы хабардар етілсін және олардың уақытылы келуі қамтамасыз етілсін;
Тармақша 2
2) шақырылуға жататын азаматтарды іссапарлардан (демалыстардан) шақырып алу, олардың хабардар етілуін және шақыру учаскесіне уақытылы келіп жетуін ұйымдастыру, шақыру және медициналық куәландыру кезеңіне жұмыстан еңбекақысы және орны сақтала отырып босатылсын;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушылармен қызметке жіберу дейінгі 3 күн ішінде толық есеп айырысу өткізілсін, сондай-ақ соңғы жұмыс күнге тиісті төленетін барлық сомалар төленсін.
Тармақ 7
7. Кенттер мен селолық округтер әкімдері қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) барлық әскерге шақырушыларға дербес шақыру қағазын тапсыруды,
Тармақша 2
2) шақыру учаскесіне қызмет ететін қызметкерлер мен автокөліктер бөлуді,
Тармақша 3
3) әскерге шақырушыларды шақыру комиссиясына кәсіпорындар, ұйымдар және т.б. көліктермен жеткізуді;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясына жеткізуде қауіпсіздік шаралары сақтауды; әскерге шақырылушыларды тасымалдауды кенттер және селолық округтер немесе ұйымдар, учаскелік полиция инспекторының өкілдері іске асырады.
Тармақ 8
8. Осакаров ауданының ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы С.Б.Бажбановқа (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) бұрын сотталған, жазасын өтеген, қоғамға қарсы және басқа да қылмыстары үшін тергеуде жүрген әскерге шақырылушылар туралы Осакаров ауданының ҚІБ ақпарат берілсін;
Тармақша 2
2) Осакаров ауданының ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін әскерге шақырылушыларды іздестіру және шақыру учаскесінде тәртіп сақтау үшін аудандық ҚІБ-ге жіберілген қызметкерлерінің тізімі ұсынылсын:
Тармақша 3
3) әскерге шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіру оларды ұстау және шақыру учаскесіне әкелу қамтамасыз етілсін;
Тармақша 4
4) әскерге шақырушыларға шақыру парағы тапсырылмаған жағдайда әскерге шақырылушы шақыру пунктіне келуі қамтамасыз етілсін;
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуы туралы ақпарат аудан әкімінің аппаратына 2007 жылдың 10 шілдесі және 2008 жылдың 10 қаңтарына дейін ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Н.С.Көбжановқа жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. КЕЛІСІЛДІ Ауданның қорғаныс істері бөлімінің бастығы С.Н.Назымбеков 2007 жыл «23» 04 КЕЛІСІЛДІ «Аудандық медициналық бірлестігі» коммуналдық кәсіпорнының директоры Қ.Е.Сәдуақасов 2007 жыл «23» 04 КЕЛІСІЛДІ Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының м.а. О.Б.Бажбанов 2007 жыл «23» 04