О приписке граждан 1989 года рождения к призывному участку Мартукского района в январе-марте 2006 года Қолданыста
Басқа 0
2006 жылдың қаңтар-наурыз айларында Мәртөк ауданының
шақыру учаскесіне 1989 жылы туылған азаматтарды
есепке алу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР Заңының 33 бабына және 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Қазақстан Республикасындағы жалпы әскери міндет және әскери қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес аудан әкімі ШЕШЕІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы қаңтар-наурыз наурыз айларында Мәртөк ауданының шақыру учаскесіне 1989 жылы туылған және бұрын әртүрлі жағдайлармен есепке алынбаған азаматтар Мәртөк ауданының шақыру учаскесіне есепке алынсын.
Тармақ 2
2. Есепке алу жөніндегі комиссия келесі құрамда құрылсын:
Сәрсенбаев Н. Ө. – Мәртөк аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы;
Тоқтаров Қ. Н. – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Жолдыбаев Е. Қ. – Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Пчела Н. В. – медициналық комиссияның төрағасы;
Тәжібаева А. Ж. – комиссия хатшысы;
Тармақ 3
3. Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы /Н. Ө. Сәрсенбаев/ аудан әкімі аппаратына есепке алу өткізуінің қорытындылары туралы ақпаратты 2006 жылдың 25 наурызына дейін ұсынсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Н. Тоқтаровқа жүктелсін.