О выполнении Закона Республики Казахстан «О воинской обязанности и воинской службе» по проведению очередного призыва граждан 1989 года рождения и старших возрастов, потерявших право на отсрочку от призыва, на срочную воинскую службу и отправке их в Вооруженные силы Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының орындалуына» 1989 жылы туған және кеиінге қалдыруға құқығы жоқ ересек азаматтарды мерзімді әскери кызметке кезекті шақыру және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына оларды 2007 жылдың сәуірде-маусымда және қазанда-желтоқсанда аттандыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабындағы 1 тармаққа 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Заңының 19 бабының 3 тармағы 20 бабының 3 тармағы 23 бабындағы 1 тармаққа, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуірде-маусымда және қазанда -желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2007 жылғы 17 сәуріндегі № 318 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру және өткізу Ережелерін бекіту туралы» 2006 жылғы 30 маусымдағы №623 қаулысына сәйкес, он сегізден жиырма жеті жасқа дейін кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқықтары жоқ азаматтар мерзімді әскери қызметке шақыруға жататынды ескеріп, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейін кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқықтары жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары 2007 жылғы сәуірде -маусымда және қазанда-желтоқсанда, Қарулы Күштерін, басқа да әскери және жауынгерлер құрылымдарын қалыптастыру үшін қажетті санда мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 20 бабындағы 1 тармағы негізінде:
Тармақша 1
1) шақыру комиссия құрамы құрылсын: комиссия төрағасы - ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы (келісу бойынша); комиссия төрағасының орынбасары - «Тимирязев ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығы; комиссия мүшелері: аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісу бойынша); дәрігерлік қызметшілердің жұмысын басқаратын дәрігер (келісу бойынша), дәрігерлік комиссия төрағасы; комиссия хатшысы.
Тармақша 2
2) әскери оқу орындарына түсетін үміткерлер мен шақыруға жататын азаматтарды медициналық куәландыру үшін шақыру комиссия құрамда дәрігерлік комиссия құрылсын, онда дәрігерлер-мамандары енгізілсін (келісу бойынша): терапевті, фтизиатрды, психиатрды, отоларингологті, невропатологті, тіс дәрігерді, дерматовенерологты, хирургты, рентгенологты, көз дәрігерін.
Тармақ 3
3. Тимирязев аудандық поликлиниканың бас дәрігері Даирова С.Н. ұсынылсын (келісу бойынша):
Тармақша 1
1) қорғаныс істері жөніндегі бөліммен келісілген кесте бойынша, шақырушылардың амбулаторлық және диспансерлік карталарын, қажетті анализдер тапсыру өткізілсін де медициналық есепте тұратын шақырылушылар тізімі ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің сұрауы бойынша шақыру комиссияға берілсін;
Тармақша 2
2) шақырылушыларды медициналық куәландыру жөніндегі жұмыс тәжірибесі бар төрт мейірбике белгіленсін.
Тармақ 4
4. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық, техникалық жұмысшылары мен қызмет етудегі персоналдың негізгі жұмыс істеу ұйымдарының басшылары осы міндеттерді орындау кезінде олардың жұмыс және лауазымдық орындарын мен жалақыларын сақтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Тимирязев ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме әскери қызметке азаматтарды шақыру өткізуіне арналған қаражатты дер кезінде бөліп қамсыздандырсын.
Тармақ 6
6. «Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемеге күші бар заңға сәйкес шақыруды өткізу уақытқа еңбекақы телеуімен адам санында техникалық қызметкерлермен жеке еңбекті шарттар бекітсін, сонымен қатар автомобильдік көлік жалға алуға қаражат бөліп қамсыздандырсын.
Тармақ 7
7. Селолық округтердің әкімдері шақыру комиссияға алыс жерде тұрушы әскер қатарына шақырылған адамдарды, тұрақ орынынан шақыру пунктіге дейін және тұрақ орынына дейін кері жауапты бірге жүруші түлғамен жеткізуін қамсыздандырсын.
Тармақ 8
8. Ұйымдардың басшылары шақыруға жататын азаматтарды іссапарлықтан, демалыстардан шақырып алсын және оларға хабарлау және шақыру учаскеге дер кезінде келіп жетуді ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Сұлтанов Қ.Қ. (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының «Әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру және өткізу Ережелерін бекіту туралы» 2006 жылғы 30 маусымдағы №623 қаулысының 10 тармағына сәйкес шақыру комиссияға шақырудан жалтарын себепсіз келмегендерді тауып алуын және жеткізуін қамсыздандырсын.
Тармақ 10
10. Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Константинов А.Н. (келісу бойынша):
Тармақша 1
1) шақыруды өткізу кестесін бекіту үшін әзірлесін де ұсынсын;
Тармақша 2
2) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 27 мен 28 баптарына сәйкес шақырудан кейінге қалтыруға және босатуға ұсыныс беруде қабыданатын шешімдердің заңдылығы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы бірінші ресми басылған күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік сұрақтар жөнінде аудан әкімінің орынбасары Ганжа Л.В., ауданның қорғаныс істері жөнінде бөлімінің бастығы Константинов А.Н. (келісу бойынша) жүктелсін. Келісілді Константинов Александр Николаевич Тимирязев ауданның қорғаныс істері жөнінде бөлімінің бастығы 20 сәуір 2007 жылы Сұлтанов Қайрат Қаирбекұлы Тимирязев аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы 20 сәуір 2007 жылы Даирова Сәбира Науқанқызы Тимирязев аудандық емхананың бас дәрігері 20 сәуір 2007 жылы