О проведении приписки к призывным участкам граждан 1989 года рождения и подготовки молодежи к призыву на срочную военную службу Қолданыста
Басқа 0
1989 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тізімге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабындағы 1 тармаққа сәйкес және 1989 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тізімге алуды уақытылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының қарулы Күштеріне, басқа да жасақтарға және әскери құрылымдарға әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1989 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскелерінде тізімге алынсын.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың жергілiктi атқарушы органдары жергіліктi әскери басқару органдары арқылы:
Тармақша 1
1) жергілікті жерлерде тізімге алу жөніндегі тиісті комиссиялар төмендегі құрамда құрылсын:
комиссия төрағасы қорғаныс істері жөніндегі басқарманың
(бөлімнің) бастығы;
төраға орынбасары жергілікті атқарушы органның өкілі;
комиссия мүшелері: аудандық (қалалық) ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
медициналық персоналдың
жұмысына жетекшілік
етуші дәрігер;
комиссия хатшысы орта буын медициналық
персонал қатарынан;
Тармақша 2
2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерді арнайы құрал-жабдықтармен, қажетті техникалық жұмысшылармен, қызмет көрсетуші персоналдармен және көлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) 1989 жылы туылған, сондай-ақ әскерге шақыру учаскелерінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде, толық және ұйымшылдықпен тізімге алуды қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) тізімге алу кезінде техникалық жұмысшылардың, қызмет етуші персоналдың еңбекақысын төлеу шығындарын жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Ішкі істер бас басқармасы (Қ.О. Қожахметов):
Тармақша 1
1) 2006 жылғы 5 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге жасөспірімдер істері жөніндегі инспекцияларда есепте тұрған жастардың тізімін берсін;
Тармақша 2
2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге, әскерге шақыру учаскелерінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруде көмек көрсетсін, ол үшін әр ауданда (қалада) аудандық (қалалық) ішкі істер бөлімдері мен қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер өкілдерінен іздестіруді бақылау топтарын құрсын;
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Б.Н. Садықов):
Тармақша 1
1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге тізімге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлесін, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта буын медицина қызметкерлерін қатыстырсын;
Тармақша 2
2) 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге 1989 жылы туылған жастарға амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде, жасөспірімдер кабинеттерінде және жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрғандардың тізімін тапсырсын;
Тармақша 3
3) тізімге алуға дейін 1989 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;
Тармақша 4
4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман-дәрігерлеріне тапсырсын.
Тармақ 5
5. Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Н.Д. Бөлекбаева):
қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге мүгедек деп танылған 1988 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық білім департаменті (Т.Е. Естенов):
Тармақша 1
1) тізімге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге мұғалім бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) 1988 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
Тармақ 7
7. Облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасы (Т.Т. Чарапиев):
Тармақша 1
1) кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығына бақылауды жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) тізімге алу кезінде шақырылушы жастар арасында әскери-патриоттық мәселелер жөнінде тәрбие және түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырып, өткізсін.
Тармақ 8
8. Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (Т.Р. Мәукебаев) осы қаулының орындалу барысы туралы Алматы облысының әкіміне 2006 жылдың 20 сәуіріне дейін ақпарат тапсырсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулы баспасөзде алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.