1989 жылы туған азаматтарды Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру участкесінде тіркеуден өткізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1989 жылы туған азаматтарды Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру участкесінде тіркеуден өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» № 74 Заңының 17,20 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабына сәйкес Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы Сұңғат Аймағамбетов (келісім бойынша) және барлық кенттер мен селолық округтер әкімдері 2005 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру участкесінде 1989 жылы туған азаматтарды тіркеуге алуды ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру участкесінде 1989 жылы туған азаматтарды тіркеуден өткізу жөніндегі комиссия құрамы №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. 1989 жылы туған азаматтардың денсаулығын дәрігерлік тексеруден өткізу үшін маман дәрігерлер мен медбибілердің құрамы №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Тіркеу кезінде жүргізілетін тәрбиелік, мәдени-көпшілік шаралар №3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 5
5. Кентер мен селолық округтер әкімдеріне азаматтарды тіркеу участкесіне уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету міндеттелсін.
Тармақ 6
6. Ауданның ішкі істер бөліміне (Болат Ахимбеков-келісім бойынша) әскери міндетті орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіру және шақыру участкесіне жеткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Ауданның экономика және қаржы бөліміне (Ертай Жәнібеков) «Әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржылар есебінен шақырылғандардың дәрігерлік сараптан өтуіне, автокөлікке, медициналық комиссия құрамына және кеңсе тауарларына қаржы бөлу жүктелсін.
Тармақ 8
8. Ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы Сұңғат Айтмағамбетов (келісім бойынша) 1989 жылы туған азаматтарды шақыру корытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2006 жылдың 15 сәуіріне дейін берсін.
Тармақ 9
9. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 25 қарашадағы «1988 жылы туған азаматтарды ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру участкесіне тіркеуден өткізу туралы» № 11/11 қаулысының (2004 жылғы 22 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу №1662) күші жойылсын деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қайыржан Кәримұлы Тілеубергеновке жүктелсін. Келісілді: Бәкен Толеуқұлов Қайыржан Тілеубергенов Мұхит Мұхтаров Мейіржан Шакишев Болат Ахимбеков Ертай Жәнібеков
Басқа 1. Комиссия құрамы:
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 12/1 қаулысына №1 қосымша Комиссия құрамы: Айтмағанбетов Сұнғат Құнанбайұлы комиссия төрағасы, ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы (келісім бойынша); Қасым Есенбай Бейсенбайұлы комиссия төрағасының орынбасары, ауданның ішікі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы; Баданов Бауыржан Амангелдіұлы ауданның ішкі істер бойынша қоғамдық қауыпсыздық бөлімшесі бастығының орынбасары (келісім бойынша); Абитаев Ерхан Сайлаубаевич аудандық медициналық бірлестігінің дәрігері – хирург медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша); Базарбаева Алия Маратқызы аудандық медициналық бірлестік медбибісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Басқа 2. Дәрігерлер мен медбибілердің құрамы:
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 12/1 қаулысына №2 қосымша Дәрігерлер мен медбибілердің құрамы: № Шет аумағы: Қызметі 1 Абитаев Ерхан Сайлаубаевич Хирург – медициналық комиссия төрағасы 2 Абишева Меруерт Дүзелқызы Терапевт 3 Әбілжанова Бақыт Қадырманқызы Дерматолог 4 Базылов Амантай Халелович Рентгенолог 5 Жанабекова Сәуле Төлеубайқызы Отолоринголог 6 Блялов Нүркен Пүшәнұлы Стоматолог 7 Жумагулова Замзагуль Жумагуловна Психиатр 8 Смагулова Динара Окулист 9 Ахметова Бақыт Кәртайқызы Медбибі 10 Байтышева Қаншайым Қалиқызы Медбибі 11 Тілеуберлина Гүлбахрам Төкішқызы Медбибі 12 Омарова Көкен Шәріпқызы Медбибі 13 Олжабаева Жанар Қабидолдақызы Медбибі Ағадыр аумағы: 1 Бекишев Шамилбек Бекішұлы Хирург 2 Аженеева Айгүл Оразханқызы Терапевт 3 Флорескүл Татьяна Петровна Дерматолог 4 Тамабекова Гүлнар Сейдрахманқызы Невропотолог 5 Мұқашев Қайрат Хамитұлы Отоларинголог 6 Танатаров Мырзағұл Жамағазиұлы Стоматолог 7 Тамабекова Гүлнар Сейдрахманқызы Психиатр 8 Сергекбаева Бейбігүл Мұхаметқалиқызы Медбибі 9 Мұқышев Қайрат Хамитұлы Рентгенолог 10 Бекмолдаева Бақыткүл Мықтыбайқызы Медбибі 11 Каюпова Рысты Абдығалиқызы Медбибі 12 Акишева Раушан Батталқызы Окулист 13 Омарова Гүльнара Майкенқызы Медбибі
Басқа 3. Мәдени – көпшілік шаралар
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 12/1 қаулысына №3 қосымша Мәдени – көпшілік шаралар № Атқарылатын іс – шаралар Өткізілетін мерзімі Жауапты адамдар 1 Азаматтарды тіркеу негізінде тәртіптің сақталуы жөніндегі тәрбие жұмыстарын жұргізу 9-дан 17-ге дейін Айдар Беспаев 2-ші бөлімше бастығы /келісім бойынша/ 2 «Отанды қорғау – Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеті» деген тақырыпта әңгіме өткізу 10-нан 10.50-ге дейін Сұнғат Айтмағамбетов ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы /келісім бойынша/ 3 Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары жөнінде әңгіме өткізу 11-ден 11.50-ге дейін Қайыржан Тілеубергенов – аудан әкімінің орынбасары 4 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәзімдері мәнінде түсінік беру 12-ден 12.50-ге дейін Биғарашев Асет 2-бөлім бастығының орынбасары /келісім бойынша/ 5 Түскі үзіліс 13-тен 14-ке дейін 6 Медициналық сараптама өткізу және әскери училищеге түсу үшін, қандай құжаттар керектігі туралы әңгіме өткізу 14-тен 16.50-ге дейін Дәрігерлер құрамы, ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы 7 Бір күндік жұмыстың қортындысын және азаматтарға тіркеу куәлігін тапсыру 17-ден 18-ге дейін Айдар Беспаев 2-ші бөлімше бастығы