О проведении приписки граждан 1989 года рождения к призывным участкам в районных, городских отделах и управлений по делам обороны Мангистауской области Қолданыста
Басқа 0
Маңғыстау облысы аудандарының және қалаларының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері мен басқармасының шақыру участкелерiне 1989 жылы туған азаматтарды тiркеуді жүргiзу туралы
" Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және " Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстың қалалары мен аудандарының әкiмдерi:
1989 жылы туылған азаматтарды, сондай-ақ бұрын шақыру участкелерiнде тiркеуден өтпеген, жасы үлкен азаматтарды, 2006 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру участкелерiне тiркеуді қамтамасыз етсiн;
шақыру участкелеріне азаматтарды тiркеуден өткізу үшін тиiстi комиссиялар құрылсын;
комиссияның жұмыс iстеуіне арнап жабдықталған орын-жайлар бөлсiн;
азаматтарды тiркеу жөніндегі комиссияның жұмыс iстеуі үшін техникалық қызметкерлердің, қызмет көрсете қамту қызметшілері мен көлiктің қажетті санын және байланыс құралдарын бөлсiн.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облыстық iшкi iстер Департаментіне (С.Ғ.Шахманов - келісім бойынша):
азаматтарды тіркеу кезеңінде жергілікті ішкі істердің органдары қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерімен және басқармасымен өзара іс-қимылын ұйымдастырсын және шақыру участкелерінде реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету;
облыстың барлық аумағында әскер жасына дейінгілердің шақыру участкелеріне келуін бақылауды жүзеге асырсын және олардың тiркелуден жалтару әрекетінің жолын кесу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына (А.Ғ.Төлеғалиева):
қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқарманың өтінімдері бойынша тіркеуге жататын азаматтарды медициналық куәландыру үшін дәрігер мамандарын бөлсін;
шақыру участкелерін қажетті дәрі-дәрмектермен, құрал-аспаптармен және медициналық мүліктермен жасақтасын;
әскер жасына дейінгілерді 2006 жылдың 10-шы қаңтарынан бастап 31-ші наурызға дейін флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, талдамаларын тапсыруын, қан топтарын және қанның микрореакциясын анықтауды қамтамасыз етсін;
тiркелгендерді сапалы медициналық куәландыруды қамтамасыз етсін, қажет болған жағдайда қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері мен басқармасының медициналық комиссияларының жолдамасы бойынша әскер жасына дейінгі жасөспірімдерді тұрақты орында қосымша бақылау және емдеуді ұйымдастырсын, бұл үшін облыстың емдеу мекемелеріне қажетті санда төсектік-орын бөлсiн;
денсаулығында ауытқушылығы бар жасөспірімдерді сауықтыру жөнінде барлық шараларын алсын.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандар әкімдері, Маңғыстау облысы Қаржы департаментінің директоры (М.Б.Әлибекова):
азаматтарды тіркеуді жүргізуге байланысты шығындарды, 2006 жылға арналған жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі Департаментіне (Б.А.Қалиев - келісім бойынша):
жасөспірімдерді шақыру учаскелеріне тiркеудi толық қамтуға қол жеткізсін және оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiне қызмет етуге әзірлеуді ұйымдастырсын;
2006 жылдың 10 сәуiріне дейiн 1989 жылы туылған азаматтарды шақыру участкесiне тiркегендігі туралы ақпарат берсiн.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Б.Керелбаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.