О проведении приписки граждан 1989 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Каргалинского района Қолданыста
Басқа 0
Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне
1989 жылы туған азаматтарды тіркеуге тұрғызу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери мәндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17,18 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінін 1993 жылғы 28 қазандағы № 1072 «Қазақстан Республикасы аймағында шакыру учаскесіне азаматтарды тіркеу туралы» № 74-ІІІ ҚР қаулысының, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарының негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 1989 жылы туған азаматтарды және тіркеуден әртүрлі себептермен өтпеген жастары асып кеткен азаматтарды Қарғалы ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2006 жылдың ақпан - наурыз айларында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық шақыру комиссиясы өз жұмыстарында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің штабы бастығының 1998 жылғы 7 наурыздағы № 15 нұскауларын қатаң басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Ауылдық округтердің әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер мен оқу орындарының басшылары меншік нысанына қарамастан өз ауылдық округтері
аумағында тіркеуге жататын азаматтарға олардың қорғаныс істері жөніндегі
бөлімге шақырылғаны туралы хабарласын және оларды ұйымшылдықпен өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
бастығына (Берденова Ұ. А.) тіркеу жұмысын өткізу кезінде шақыру пунктінің қызметін қамтамасыз ету үшін № 2 қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлерді бөлу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріне (Ә. К. Бахонов):
Тармақша 1
1) дәрігер - мамандарды бөлу;
Тармақша 2
2) дәрігер - мамандарды, антропометрия кабинетін орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) 2006 жылғы 1 ақпаннан бастап 31 наурыз аралығында күн сайын (демалыс және мереке күндерінен басқа) емханада ең кем дегенде 50 әскерге дейінгілерге анализ тапсыру, электрокардиограмма жасау, қанның тобын, резус-фактор анықтау, флюрографиялық тексеріс жүргізу;
Тармақша 4
4) 2006 жылдың 1 ақпанына дейін амбулаториялық аурудың ішіне жасөспірімнің қосымша қағазы салынған медициналық картасын, оған қосымша диспансерлік есепте тұрған нервті-психикалық, туберкулез, тері-венерология, жұқпалы аурулар. трахома, ішкі органдардың, сүйек, бұлшық ет, буындардың созылмалы түрлері бойынша ауыратындардың тізімін және азаматтардың денсаулық жағдайын мазмұндайтын дәрігерлік тексерулер мен диспансерлік қадағалаудың берген ауру тарихынан үзінділерін қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тапсыру;
Тармақша 5
5) 2006 жылдың 1 ақпанына дейін стационарлық (амбулаториялық) емделуді қажет ететін әскерге шақырылушылардың қай емдеу мекемесінде тіркелетінін қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мәлім ету;
Тармақша 6
6) шақыру пунктін қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, шаруашылық мүліктермен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (С. Р. Тоқабаев):
Тармақша 1
1) тіркеу науқанын өткізу кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін құрамында 2 адамнан тұратын полиция нарядын бөлу;
Тармақша 2
2) әскери міндеттіліктен қашқан тұлғаларды іздестіру және ұсталғандарды іздестіру мен жеткізу бойынша төлемдерді сол адамдардың есебінен жүргізу;
Тармақша 3
3) жеті күн мерзім ішінде қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылатындарға қатысты жауап алынып немесе алдын ала тексерулер жүргізіліп жатқаны туралы мәлімдеу;
Тармақша 4
4) 2006 жылдың 1 ақпанына дейін қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әр түрлі қылықтары бойынша есепте тұратын және полицияға әкелінген 1989 жылы туған жастардың тізімін беру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Қарғалы ауданы әділет басқармасы бастығының міндетін атқарушы (Қанкелді С. Е.):
Тармақша 1
1) әскери міндеттілер мен шақырылушыларды тұратын жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару, әскери-есептік кұжаттарында олардың әскери есепке алынғаны немесе әскери есептен шығарылғаны туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің белгісі болған жағдайда ғана іске асыру;
Тармақша 2
2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеті күн мерзім ішінде әскери міндеттілердің, шақырылуға дейінгілер мен шақырылатындардың аты-жөнін, туған күні мен жылын өзгерткені, азаматтық хал актілеріне олардың туған күні мен туған жері туралы өзгертулер енгізілгені туралы, сондай-ақ қайтыс болған
әскери міндеттілер мен шақырылатындардың тіркелу жағдайы туралы барлау ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Аудандық сотқа (Өтепберген Н.):
Тармақша 1
1) жеті күн мерзім ішінде қорғаныс істері жөніндегі бөлімге қылмыстық істері сотпен қаралатын шақырылушылар туралы, сондай-ақ әскери міндеттілер мен шақырылушыларға қатысты сот үкімі күшіне енгені туралы хабарлау;
Тармақша 2
2) 2006 жылдың 1 ақпанына дейін әр түрлі себептермен аудандық сотпен сотталған 1989 жылғы азаматтардың тізімін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы (Құмаров А. М.) аудандық білім (Мұқатова А. С.), ішкі саясат (Байсеуіпов Қ. А.) бөлімдерімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Жоғары Әскери оку орындарына, Республикалық «Жас Ұлан» мектебіне, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің Кадет корпусына үміткерлерді іріктеу жөнінде комиссия құрсын.
Тармақ 11
11. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы (Құмаров А. М.):
Тармақша 1
1) 2006 жылдың 25 наурызына дейін осы шешімнің орындалуы туралы ақпарат берсін;
Тармақша 2
2) 2006 жылдың 10 сәуіріне дейін қатысы бар мекемелермен келісілген жалпы тіркеу мерзімінен бастап шақыру мерзіміне дейін, жастарды әскери міндеттерін өтеуге әзірлеу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын дайындап, бекітуге тапсырсын.
Тармақ 12
12. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
А. Қ. Бейсеновке жүктелсін.
Басқа 29
Аудан әкімдігінің
2006 жылғы 1 ақпандағы
№ 2 қаулысына
№ 1 қосымша
Шақыру комиссиясының құрамы
Тармақ 1
1. Құмаров А. М. – Комиссия төрағасы, Қарғалы аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы
Тармақ 2. Комиссия мүшелері:
2. Бейсенов А. Қ. – Комиссия төрағасының орынбасары, Аудан әкімінің орынбасары
Комиссия мүшелері:
Тармақ 3
3. Бахонов Ә. К. – медициналық комиссияның төрағасы, бас дәрігер
Тармақ 4
4. Тоқабаев С. Р. – аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Тармақ 5
5. Берденова Ұ. А.– медициналық комиссияның хатшысы