О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1989 года рождения к призывному участку Узункольского района Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1989 жылы туған азаматтарын Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 16, 17, 18, 44 баптарын жүзеге асыру мақсатында, Ұзынкөл ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1989 жылы туған тіркелетін жылы 17 жасқа толатын барлық азаматтар «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркелуі 2006 жылғы қаңтар — наурызында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының 1989 жылы туған азаматтарды тіркеу жүргізу жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының 1989 жылы туған азаматтарды тіркеу жүргізу кестесі бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Комиссия төрағасы В.А. Антипов Қазақстан Республикасының 1989 жылы туған азаматтарының Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымдастырып, жүргізсін.
Тармақ 5
5. «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (Ержанов Қ.Қ.) тіркеу жүргізу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету үшін мыналар ұсынылсын:
тіркеу жұмыстары жүргізілетін уақытқа көрсетілген дәрігер-мамандар мен төрт шақты медициналық қызметкерлерді негізгі жұмыстарынан босатып, жұмыс орындары мен жалақыларын сақтап бөліп берсін және «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкімділігіне жіберілсін;
Қазақстан Республикасының 1989 жылы туған тіркелетін жылы 17 жасқа толатын барлық азаматтардың кеуде клеткаларына, жүрек рентгенттерін жасау және керекті лабораториялық тексерулер жүргізсін;
«Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны шақырылатындарға тексеру жүргізу үшін 10 шақты кереует бөлсін. Тексеру немесе емдеу жұмыстарының қорытыңдыларын дер кезде «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ресімделген акт түрінде хабарласын;
шақыру учаскесі қажетті дәрі-дәрмектермен және құрал-саймандармен қамтамасыз етілсін;
жарғы ретін демеу үшін офицерлер мен запас сержанттар қатарынан адам бөлсін және «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағына жұмыс орнының және еңбек ақысының сақталуы арқылы шақыру учаскесінде комендант жұмысы үшін жіберілсін.
Тармақ 6
6. Селолық округтердің, Ұзынкөл, Троебрат селоларының әкімдері, мектеп директорлары мен әскери дайындықты жүргізетін мұғалімдермен бірлесе отырып әр шақырылатын азаматтардың жинақталған жеке істерін келесі құжаттармен «Ұзынкөл ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырсын:
Тармақша 1
1) шақырылатын азаматтың картасы;
Тармақша 2
2) жеке куәлігінің көшірмесі
Тармақша 3
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) тіркеу салық нөмірінің көшірмесі
Тармақша 5
5) сараптау парағы;
Тармақша 6
6) отбасы жағдайы туралы анықтама;
Тармақша 7
7) оқу немесе жұмыс орнынан алынған анықтама;
Тармақша 8
8) оқу немесе жұмыс орнынан алынған мінездеме;
Егер шақырылатын азамат оқу орнын бітіргеннен соң село округінің аумағында тұрып жұмыс істемеген жағдайда, онда мінездеме әскери тіркеуді жүргізуге жауап беретін тұлғамен беріледі.
Тармақ 7
7. «Ұзынкөл ауданының каржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы (Б.Д. Сәкеноваға) 12200500 «Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар» бағдарламасымен көзделген қаражаттар шегінде Қазақстан Республикасының 1989 жылы туған азаматтарын Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркеумен байланысты іс-шаралардың қаржыландырылуын жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 8
8. «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (В.А. Антипов) тіркеу жұмыстары аяқталған соң, жасалған келісімдер мен шығарылған шығындар бойынша қызмет көрсеткендермен есеп айырысуды өткізу ұсынылсын;
Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының 1989 жылы туған азаматтарын тіркеу қорытындылары жайлы ақпаратты аудан әкіміне 2006 жылдың 1 сәуіріне дейін хабарласын.
Тармақ 9
9. Селолық округтердің, Ұзынкөл, Троебрат селоларының әкімдері, «Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Ы.С. Шаканова) орта мектеп директорлары 1989 жылы туған тіркеуге жататын азаматтардың шақыру учаскесіне мектеп өкілдерімен косақталып келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Селолық округтердің, Ұзынкөл, Троебрат селоларының әкімдері «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы дәрігерлік анықтамалау және «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына анализ тапсыру үшін тіркеуге шақырылған азаматтарды жеткізуді ұйымдастырып, қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Тіркеу кезінде шақыру учаскесінің шақырылатындарды тізімге алумен байланысты жұмысын қамтамасыз ету үшін «Ұзынкөл Су» мемлекеттік коммуналдық көсіпорнының директорына (А.Н. Внуков) екі техникалық қызметкер бөлу ұсынылсын.
Тармақ 12
12. «Ұзынкөл аудаңдық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Даиров М.С.) мыналар ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақыру учаскесіне тіркелуден бас тартып жүргендерді іздестіру және шақыру учаскесіне әкелу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) тіркеу жүргізу мерзімінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының 1989 жылы туған азаматтарын Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркеу жүргізудің орындалуына бақылау жасау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
Тармақ 14
14. «Қазақстан Республикасының 1988 жылы туған азаматтарын Ұзынкөл ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3317, «Ақ жол» 2005 жылғы 3 наурыздағы № 9) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 31 қаңтардағы № 13 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Басқа 25. Қазақстан Республикасының 1989 жылы туған азаматтарын тіркеу жүргізу жөніндегі комиссияның құрамы
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 16 ақпандағы
№ 35 қаулысына 1 қосымша
Қазақстан Республикасының 1989 жылы туған азаматтарын тіркеу жүргізу жөніндегі комиссияның құрамы
АНТИПОВ Вячеслав Анатольевич - «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі, бастық, комиссия төрағасы
АҒЫТЛЕВ Нұрым Сабырұлы - «Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, жалпы бөлім бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
ВОЛГА Лариса Викторовна - «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, жеткіншектер кабинетінің мейірбикесі
РОМАНЕНКО Александр Николаевич - «Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі, кадрлармен және тәрбие жұмысы бойынша бастыктың орынбасары
ЧИКИНАЕВ Құдайберген Шаймерденұлы - «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, хирург
Басқа 26