О проведении приписки граждан, 1989 года рождения, к призывному участку отдела по делам обороны Абайского района Карагандинской области Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды облысы Абай
ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің шақыру
учаскесіне 1989 жылы туған
азаматтарды тізімге алуды
жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери міндеттілік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1993 жылғы 28 қазандағы «Қазақстан Республикасы аумағындағы шақыру учаскелеріне азаматтарды тізімге алу туралы» № 1072 қаулысына, Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрінің 2003 жылғы 24 ақпандағы «Қазақстан Республикасы азаматтарын шақыру учаскелеріне тізімге алуды өткізу және дайындау бойынша нұсқауларды күшке енгізу туралы» № 60 бұйрығына сәйкес, Абай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылдың қаңтар-наурызында Қарағанды облысы Абай ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1989 жылы туғандарды тізімге алу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Шақыру учаскелерінде азаматтарды тізімге алудың уақтылы сапалы өткізу үшін мына құрамдағы комиссия құрылсын:
Тармақша 1
1) Қ.Б.Әбішев - Абай ауданының қорғаныс істер жөніндегі
бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы;
Тармақша 2
2) Т.Р.Естекбаев - Абай ауданы ішкі саясат бөлімі бастығының
орынбасары, шақыру комиссиясы төрағасының
орынбасары;
Тармақша 3
3) Е.М.Саукомбеков - Абай аудандық ішкі істер Басқармасы бастығының
орынбасары;
Тармақша 4
4) О.В.Зубков - дәрігер-хирург, медициналық комиссия төрағасы;
Тармақша 5
5) Т.К.Халелова - комиссия хатшысы.
Тармақ 3
3. Аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы (Қ.Б.Әбішев) 2006 жылдың 24 қаңтарынан 31 наурыз аралығында 1989 жылы туған және Абай ауданы аймағында уақытша және тұрақты мекен жайында тұратын бұрын тізімге алынбаған жоғарғы жастағы азаматтарды тізімге алуды сапалы өткізіуді ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. «Абай қалалық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынының директоры (А.Б.Төлекин) тізімге алыну бойынша медициналық куәләндырудан өткізу үшін:
Тармақша 1
1) 8 адамнан тұратын жоғары тәжірибелі дәрігер-мамандар, сонымен қатар 5 адамнан тұратын қызмет көрсету деңгейі орташа жұмыскерлер бөлінсін:
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрінің «Қазақстан Республикасындағы Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскери бөлімдердегі және әскери құрам бөлімдеріндегі экспертиза Ережесін бекіту туралы» бұйрығының № 7 қосымшасының келісімімен Медициналық комиссия жұмысы дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, медициналық шаруашылық мүліктерімен қамтамасыз етілсін.
Тармақша 3
3) Емделуге және стационарлы тексерілуге мұқтаж еткендерге уақтылы көмек көрсету, қажет болған жағдайда госпиталдау, осы мақсатта қажетті мөлшерде жататын бос-төсек орындар бөлінсін.
Тармақ 5
5. «Абай қаласы қалалық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынының директоры (А.Б.Төлекин), «Абай ауданының аудандық медициналық бірлестік» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынының директоры (Н.Г.Белан) 2006 жылдың қаңтар айында 1989 жылы туған азаматтарды тізімге алу барысында кеуде қуыстарын флюорографиясын, жүрек электркардиограммасын, қан, зәр, микрореакцияға анализ, туберкулезге байқаулар өткізілсін.
Тармақ 6
6. Кәсіпорын, ұйым, мекеме, оқу мекемелерінің басшыларына, ауыл және кент әкімдеріне аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығының бұйрығымен орнатылған 1989 жылы туған жасөспірімдерді мерзімдік тізімге алудан өткізу үшін шақыру учаскесіне келуді ұйымдастыру, оларға уақтылы хабар беруді қамтамасыз ету шаралары қабылдансын.
Тармақ 7
7. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы (Л.К.Әубәкірова) шақыру учаскесінде тізімге алыуды жүргізу кезінде ақпараттық және мәдени-бұқаралық жұмыс жоспары әзірленсін.
Тармақ 8
8. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы (С.Ә.Садық) Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңымен сәйкес, шақыру учаскесіндегі азаматтарды тізімге алуға байланысты бюджетте қарастырылған қаражат шегінде «Жалпы әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар» бағдарламасы бойынша іс-шараларын қаржыландыру жүргізілсін.
Тармақ 9
9. Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы (С.Ә.Ақсанов) Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңымен сәйкес тізімге алу кезеңінде 8 адамнан тұратын техникалық адамдар бөлсін (6 әйел, 2 ер адамдар).
Тармақ 10
10. Шақыру учаскесіне тізімге алынуға келмеген азаматтарды іздестіру үшін, құрамына қорғаныс істер бөлімінің жауапты орындаушысы М.А.Оспанов және Абай ауданы ішкі істер Басқарамасының өкілі Т.Т.Құрмашев енгізіліп, іздестіру тобы құрылсын.
Тармақ 11
11. Қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің бастығына (Қ.Б.Әбішев) 1989 жылғы туған азаматтарды тізімге алуды өткізуінің қортыныдысы бойынша ақпарат берілсін.
Тармақ 12
12. Абай ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 12 қаңтардағы «Қарағанды облысы Абай ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1988 жылы туған азаматтарды тізімге алуды жүргізу туралы» № 01/02 қаулысының күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 13
13. Абай ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы «Қарағанды облысы Абай ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне 1989 жылы туған азаматтарды тізімге алуды жүргізу туралы» № 34/03, 2005 жылғы 30 қыркүйектегі «2005 жылдың қазан-желтоқсан айында өтетін кезекті жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» № 25/04 қаулылары бұзылсын.
Тармақ 14
14. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ш.Қ.Тәнкебаевқа жүктелсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
Абай ауданы қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің бастығы
Қ.Б.Әбішев
06.03.2006 ж.
«Абай ауданының аудандық медицина
бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынының директоры
Н.Г.Белан
06.03.2006 ж.
Абай ауданық ішкі істер
Басқармасының бастығы
Т.Ә.Оспанов
06.03.2006 ж.
«Абай қаласы орталық қалалық
аурухана» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынының директоры
А.Б.Төлекин
06.03.2006 ж.