О проведении приписки юношей 1989 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Шортандинского района Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1989 жылы туған азаматтарды Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндет және әскери қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңдарына сәйкес азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын, алынған мамандығының жалпы білімдік деңгейін және дене дайындығының деңгейін анықтау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1989 жылы туған және бұрын тіркеуден өтпеген жоғары жастағы азаматтарды Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу 2006 жылғы 16 қаңтардан бастап жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Тіркеуді жүргізу үшін 1989 жылы туған азаматтарды Шортанды- ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу бойынша аудандық комиссия құрылсын (№1 қосымша).
Тармақ 3
3. 1989 жылы туған азаматтарды Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі аудандық комиссияның жұмыс кестесі бекітілсін (№2 қосымша).
Тармақ 4
4. Селолық округтер, Шортанды, Жолымбет, Научный кенттерінің әкімдері, бағыну және меншік түріне қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер басшылары:
Тармақша 1
1) Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге белгіленген шақыру учаскесіне тіркеуге жататын азаматтардың тізімін ұсынсын;
Тармақша 2
2) азаматтарды тіркеуден өту уақытына жұмыстан және оқудан, демалыстан босатып, Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге уақытында дәл көрсетілген күн мен сағатта дербес шақыру қағазына сәйкес келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Шортанды орталық аудандық ауруханасы» ММ (келісімі бойынша) азаматтарды медициналық тексеруді жүргізу үшін:
Тармақша 1
1) маман-дәрігерлер және медбикелердің қажетті санын бөлсін (№2 қосымша)
Тармақша 2
2) клинико-диагностикалық емхана медициналық комиссияның жұмысын қажетті кұрал-жабдықтармен, анализдер жүргізуге қажетті саймандармен (электрокардиограмма, қан анализі, микрореакция, қан тобын анықтау, несеп талдауы);
Тармақша 3
3) тіркеуге жататын азаматтарды флюорографиялық тексеруден өткізу;
Тармақша 4
4) аудандық ауруханада азаматтарды стационарлық тексеруден жүргізуге мақсаттық тағайындаудағы төсектердің қажетті санымен қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Шортанды ауданының білім беру және спорт бөлімі» ММ және білім беру ұйымдарының директорлары Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне қажетті құжаттарды дайындауды және оқушылардың белгіленген күн және сағатта алғашқы әскери дайындық окытушысы және медициналық қызметкермен келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Тіркеуді жүргізу уақытына Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің өкіміне (келісім бойынша) 5 адамнан тұратын техникалық қызметкерлер бөлінсін.
Тармақ 8
8. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) тіркеуден жалтарушы тұлғаларды іздеуді жүргізіп, Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әкелсін;
Тармақша 2
2) комиссияның жұмысы уақытын тіркеу учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. «Шортанды ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің тапсырысы бойынша белгіленген мерзімде жергілікті бюджетте көзделген көлемде тіркеуді қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы 2006 жылғы 16 қаңтарда туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қ.Азденбаеваға жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және жарияланған күннен бастап іске қосылады.
Басқа 21. Тіркеу жөніндегі комиссияның құрамы
Шортанды ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 25.01 № А-1/19 қаулысына 1 қосымша Тіркеу жөніндегі комиссияның құрамы Нұржауов Бауыржан Кәкімжанұлы - майор, Шортанды ауданыньщ қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, тіркеу комиссиясынын төрағасы Ыранов Қайрат Ұлықпанұлы - Шортанды ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығының м.а., аудандық тіркеу комиссиясының төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Алиев Алтай Бекболатұлы - полиция майоры, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары Құдабаева Бәтен Базылқызы - кеңестік-диагностикалық емхананың меңгерушісі, аудандық медициналық комиссияның аға дәрігері Ахмедьянова Ғалия Қонқақызы - емхананың медбикесі, аудандық тіркеу комиссиясының хатшысы
Басқа 22. Тіркеу жөніндегі комиссияның жұмысының КЕСТЕСІ
Шортанды ауданының 2006 жылғы 25.01 № А-1/19 қаулысына 2 қосымша Тіркеу жөніндегі комиссияның жұмысының КЕСТЕСІ № Селолық (кенттер) округтерінің атауы азамат-тардың саны ай күндері 16.01.2006 17.01.2006 18.01.2006 19.01.2006 20.01.2006 23.01.2006 1 Андреевка 14 14 2 Дамса 28 28 3 Елизаветинка 47 28 19 4 Жолымбет 50 50 5 Казцик 11 11 6 Научный 8 8 7 Новокубанка 17 17 8 Петровка 12 12 9 Раевка 14 14 10 Пригородное 12 12 11 Новоселовка 11 11 12 Шортанды 52 19 7 26 Қорытынды 276 50 50 50 50 50 26