О проведении приписки граждан Целиноградского района 1989 года рождения к призывному участку Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әскерге шақыру учаскісінде Целиноград ауданының 1989 жылы туған азаматтарды тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес, жасөспірімдерді есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, жалпы білім деңгейін, иеленген мамандықтарын және дене дайындығының деңгейін анықтау мақсаттарында Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы қаңтар айынан наурыз айы бойы әскерге шақыру учаскісінде Целиноград ауданының 1989 жылы туған азаматтарды тіркеуге алу жұмыстары жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық тіркеуге алу комиссияның құрамы бекітілсін (косымша). Тіркеуге алу комиссияның мүшелері жұмысы уақытына өз қызметі бойынша Қазақстан Республикасы «Еңбек туралы» Заңының 80 бабына сәйкес нақты міндеттемелерін орындаудан босатылады.
Тармақ 3
3. Целиноградтық аумақтық клиникалық аурухананың бас дәрігері (Б.М.Тәжин келісім бойынша):
Тармақша 1
1) аудандық тіркеуге алу комиссияның басқаруына жеткілікті мөлшерде дәрігер-мамандар мен орта медициналық персоналды бөлсін;
Тармақша 2
2) тіркеуге алу жұмыстарын жүргізген соң, емдеуді қажет ететін жасөспірімдерді емдеу мекемелеріне тіркесін және оларды тексерсін, азаматтардың кезекті әскерге шақыруына дейін олардың емделуін жүргізсін;
Тармақша 3
3) ауданның стационарлық емдеу-алдына алу мекемелерінде тіркеуге алушыларға қосымша тексеру жұмыстарын жүргізу үшін төсек орындарының резервін бөлсін;
Тармақша 4
4) ауданның емдеу-алдына алу мекемесі арқылы кеуде органдарын рентгенологиялық (флюрографиялық) тексеру, қан анализі (СОЭ-ны, гемоглобин мен лейкоциттарды анықтау) -ке тексерілу, несептегі белоктың кұрамын зерттеу, дәрі егілу кестесіне сейкес туберкулиндік сынама және алдын алу дәрімен егілу, электрокардиограммларды, қан тобын, қан факторының резусын және де басқа да көрсеткіштер бойынша тексерістер жүргізілсін;
Тармақша 5
5) тізімге алу жұмысьары кезінде азаматтардың ауыз қуысына санациялау жұмыстарын жүргізсін және емдеуді қажет ететіндерді емдесін;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әсери құралымдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама ережесін бекіту Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 бірлескен бұйрығы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жанындағы медициналық комиссияны қажетті құрал-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен жабдықталуын қамтамасыз етсін;
Тармақ 4
4. Ауылдық округтердің әкімдері, аудандағы оқу орындар, ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар басшылары (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шақыру учаскісіне тізімге алу үшін жасөспірімдердің келуін қамтамасыз етсін.
Тармақша 2
2) тізімге алынатын азаматтар стационарлық тексеру, амбулаторлық анализдарды өткізу және комиссиядан өту кезіне оқу мен жұмыстан босатылсын;
Тармақ 5
5. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (Ә.Ыбраева) ауданның 2006 жылғы бекітілген бюджетіне сәйкес, азаматтарды тізімге алу жұмыстарын жүргізу үшін қаражаттардың бөлінуін қарастырсын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастғыы (Серікпаев К.Т.- келісім бойынша):
Тармақша 1
1) тіркеу кезінде тіркеуге алу пунктісінде қоғамдық тәртіпті сақтауын қамтамасыз етсін, полиция қызметшілерінің кезекшілік кестесін құрсын;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандардың істері бойынша бөлімшесінің есебінде тұрған және бұрын сотталған азаматтар туралы комиссияны хабардар етсін;
Тармақша 3
3) медициналық куәландыру мен тіркеуден өту жұмыстарынан қашып жүрген тұлғалардың іздестіруін жүргізсін.
Тармақ 7
7. Аудандық жол пошщиясы бөлімінің бастығы (М.К.Мұратжанов-келісім бойынша) азаматтарды тасу кезенде қауіпсіздікті қамтамасыз етсін, автокөліктердің жол қозғалысына бақылауды белгілесін.
Тармақ 8
8. Целиноград ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 17 ақпандағы № 11, Ақмола облысы Әділет департаментінде 2005 жылғы 11 наурызындағы 3071 нөмірімен тіркелген, қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
Басқа 21. Аудандық тіркеуге алу комиссиясының құрамы
Қосымша Целиноград ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 12 қаулысымен бекітілді Аудандық тіркеуге алу комиссиясының құрамы Тулаков Бейсен Қуанышқанұлы – комиссия төрағасы, Целиноград ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы (келісім бойынша); Есмурзина Айгүл Серғазықызы – комиссия төрағасының орынбасары, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы; Смаилова Нүрила - комиссия хатшысы, Целиноградтық аумақтық клиникалық аурухананың медбикесі; Комиссия мүшелері: Жакенов Марат Имашұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша); Тажиев Сейфолла Такенұлы - аудандық медициналық комисияның бас дәрігері (келісім бойынша); Балтабеков Жангелді Балиханұлы – Целиноград аудандық қорғаныс істері жөніндегі 2 бөлім (әкерге шақыру) бастығы (келісім бойынша); Әлиев Қуандық Қарсақбайұлы - балалар жасөспірімдер спорттық мектебінің директоры (келісім бойынша); Медведь Светлана Григорьевна - Целиноградтық аумақтық клиникалық аурухананың терапевт-дәрігері (келісім бойынша); Лобова Людмила Васильевна - Целиноградтық аумақтық клиникалық аурухананың психиатр-дәрігері (келісім бойынша); Дегенгард Диана Емельяновна - Целиноградтық аумақтық клиникалық аурухананың дерматолог-дәрігері (келісім бойынша); Әбілдина Бақытгүл Серікқызы - Целиноградтық аумақтық клиникалық аурухананың тіс дәрігері (келісім бойынша); Сапаев Бақытбек Қасенұлы - Целиноградтық аумақтық клиникалық аурухананың хирург-дәрігері (келісім бойынша); Бейсекеева Гүлнәр Қайырбекқызы - Целиноградтық аумақтық клиникалық аурухананың отоларинголог-дәрігері (келісім бойынша); Галаганова Гения Бартоломеевна - Целиноградтық аумақтық клиникалық аурухананың невропатолог-дәрігері (келісім бойынша); Нұрмағамбетов Мұратбек Сұлтанұлы - Целиноградтық аумақтық клиникалық аурухананың окулист-дәрігері (келісім бойынша); Жаманбаева Сауле - Целиноградтық аумақтық клиникалық аурухананың медбикесі (келісім бойынша); Төлебаева Зауреш - Целиноградтық аумақтық клиникалық аурухананың медбикесі (келісім бойынша); Резерв: Цай Вячеслав Владимирович - Целиноградтық аумақтық клиникалық аурухананың хирург-дәрігері (келісім бойынша).