О проведении приписки граждан 1989 года рождения к призывному участку государственного учреждения «Отдел по делам обороны Карасуского района Костанайской области» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1989 жылғы туған азаматтарды «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы негізінде Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейін 1989 жылғы туған азаматтарды аудан аумағындағы тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын азаматтарды «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. 1989 жылғы туған азаматтардың тіркеуін сапалы жүргізу және қамтамасыз ету үшін «Қостанай облысы Қарасу ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде Қарасу және Октябрь ауылдарында тіркеу пунктері ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» (Н.Ф. Шелудько) (келісім бойынша), «Октябрь ауылдық учаскелік ауруханасы» (С.М. Төкебаев) (келісім бойынша) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары:
Тармақша 1
1) «Қостанай облысы Қарасу ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өтініші бойынша медициналық комиссияларын дәрігер-мамандар мен медбикелердің қажетті санымен жасақтау;
Тармақша 2
2) шақыру учаскелерін қажетті дәрі-дәрмектермен, құралдармен және медициналық мүлікпен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) тіркеу жөніндегі аудандық комиссия жұмысының кестесіне сәйкес азаматтарды флюорографиялық және клиникалық тексеруді, медициналық куәландыруды өткізу;
Тармақша 4
4) науқас жас жігіттердің стационарлық тексеруін және емделуін өткізуді камтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Ауылдар мен ауыл округтердің әкімдері, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары:
Тармақша 1
1) азаматтарды тіркеуді өту үшін комиссияға келуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) комиссияны өту, стационарлық тексеру және емханалық анализдарды тапсыру уақытында жұмыстан немесе оқудан тіркеуге жататын азаматтарды босатсын.
Тармақ 5
5. «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (И.Г. Шаманаев) (келісім бойынша) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтарды уақытында құлақтандыру және «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне шақыру медициналық комиссияны өтуге оларды жеткізу үшін шаруашылықтық субъектілермен көлік құралдарын беру және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету туралы шарттар жасасу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Т.К. Мамаев) (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеумен байланысты іс-шараларды «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шығындар сметасында көзделген қаржы бөлудің есебінен қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 7
7. Ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері шақыру пунктіне азаматтарды жеткізу үшін қадағалайтын адамдарды беруге, тасымалдаған кезде төтенше жағдайларды болдырмау үшін шаралар қабылдауға міндеттелінсін.
Тармақ 8
8. «1988 жылғы туған азаматтарды «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 56 (мемлекеттік тіркеу нөмері 3367, «За изобилие» аудандық газетінің 2005 жылғы 1 сәуірдегі № 11) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ. Бекеновке жүктелсін.