Об организации и проведении медицинского освидетельствования юношей 1990-1991 годов рождения на территории Астраханского района Күшін жойған
Басқа 0
Астрахан ауданының аумағында, 1990-1991 жылдары туған жастарды медициналық куәландырудан өткізуді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери кызмет туралы» Заңына сәйкес, әскерге шақырылуға дейінгі жастағы жастарды тереңдетілген дәрігерлік қараудан ұйымшылдықпен өткізу үшін және емдеуді қажет ететін жастарға дәрігерлік көмек көрсету мақсаттарында, аудан әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы қазан айының ішінде, аудан аумағында, 1990-1991 жылдары туған жастарды дәрігер-мамандардың толық құрамы медициналық куәландырудан өткізсін.
Тармақ 2
2. Астрахан орталық аудандық ауруханасының бас дәрігеріне:
Тармақша 1
1) жастарды медициналық куәландыруының сапалы өткізілуі үшін медициналық комиссия кұрамына дәрігер-мамандар жинақтау;
Тармақша 2
2) орталық аудандық аурухана жастарды медициналық куәландырудан өткізу үшін, қажетті мөлшерде флюорографиялық және электрокардиограмма пленкаларымен, дәрі-дәрмекпен, химиялық реактивтермен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) жастар арасындағы емдеу-сауықтыру жұмыстарының жақсартылуына қол жеткізілсін, жеткіншектер кызметі жұмыстарының тиімділігі арттыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Ауданның білім және спорт бөлімінің бастығына, № 16 кәсіби лицейдің директорына, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына:
Тармақша 1
1) Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөліміне және орталық аудандық ауруханаға белгіленген үлгідегі 1990-1991 жылдары туған жастардың тізімін беру;
Тармақша 2
2) медициналық куәландыру жүргізіліп жатқан кезеңде жастарды оқудан және жұмыстан босату ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Ауылдық округ әкімдері жастарды медициналық куәландырудан өткізуге жауапты өкілдердің шығарып салуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Шешім Астрахан ауданының әділет басқармасында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді, «Маяк» газетінде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.