Об организации оказания медицинской помощи допризывникам 1990-1991 годов рождения Жамбылского района Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл ауданында 1990-1991 жылдары туған әскер қатарына шақырту жасына дейінгілерге медициналық көмекті ұйымдастыру туралы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ Заңының 15 бабына сәйкес әскер қатарына шақырту жасына дейінгілерді мерзімінде жан-жақты тексеруді ұйымдастыру мақсатымен, емдеуге мұқтаждарға медициналық көмек көрсету үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1990 - 1991 жылдары туған әскер қатарына шақырту жасына дейінгілерге медициналық көмекті жүргізу жөніндегі шаралардың жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2006 жылдың 4 қыркүйегінен бастап ауданда әскер қатарына шақырту жасына дейінгілерге медициналық байқау жүргізілсін. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дәрігерлік құрамымен медициналық тексеріс жүргізілсін (келісім бойынша). 1990-1991 жылдары туған әскер қатарына шақырту дейінгілерге жүргізілінетін барлық сауықтыру шаралары ауданның емдеу-профилактикалық мекемелерінде өткізілсін. Жүргізілінген тексеріс қорытындылары сәйкес медициналық құжаттарға енгізілсін.
Тармақ 3
3. Селолық округ әкімдері, мектеп директорлары, ұйымдардың, кәсіпорындардың жетекшілері 2006 жылдың 4 қыркүйегіне дейін «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына 1990-1991 жылдары туған әскер қатарына шақырту жасына дейінгілерге денсаулық сақтау Министрінің 278 нысанды есебі бойынша және Жамбыл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге Қорғаныс Министрлігінің 1 ңысаны бойынша тізімдерін тапсырсын.
Тармақ 4
4. Ауданның білім беру бөлімінің бастығы, мектеп директорлары, кәсіпорындардың және ұйымдардың жетекшілері 1990-1991 жылдары туған әскер қатарына шақырту жасына дейінгілердің 100 пайыз тексеріске келуін, жоспарлы-кестеге сәйкес емделуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік-Қазақстан облысы әкімдігінің «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (келісім бойынша) 2006 жылдың 4 қыркүйегін дейін: әскер қатарына шақырту жасына дейінгілерді тексерістен өткізу үшін дәрігер-мамандарды, орта медицина қызметқерлерін тағайындап және медициналық мүліктерді, құрал-жабдықтарды бөлсін; тексеруге жататын барлық әскер қатарына, шақырту жасына дейінгілер тексеруге дейін лабораториялық және флюорографиялық зерттеуден, ауыз қуысының антропометриясынан, санациясынан өткізілсін; тексерісті, емдеуді, дәрігерлік бақылауды қажет ететін әскер қатарына шақырту жасына дейінгілер анықталсын және диспансерлік есепке алынсын; Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі Белімнің көмегімен (келісім бойынша) жасөспірімдер дәрігерін жұмыспен, анықталған ауруларды емдеуді ұйымдастырумен, оларды есепке алу бойынша құжаттарды жүргізумен қамтамасыз етілсін; Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрінің бұйрығықтарын, талаптарын және жасөспірімдерді емдеу және диагностиканы дамыту ерекшеліктерін зерделеуге Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімде жұмыс үшін бөлінген маман дәрігерлермен әдістемелік практикалық сабақтар жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (келісім бойынша) әскер қатарына шақырту жасына дейінгі ауруларды емдеуді ұйымдастырсын, осы мақсат үшін ол өзінің бұйрығымен 1990-1991 жылдары туған әскер қатарына шақырту жасына дейінгілерді емдеуге және сауықтыруға жауапты дәрігерлерді бекітсін. Әскер қатарына шақырту жасына дейінгілерді кезектен тыс медициналық тексерістен өткізілуіне аса көңіл бөлінсін.
Тармақ 7
7. Аудан әкімдігінің «Жамбыл ауданында шақырту жасына дейінгі жасөспірімдерді диспансерлеу туралы» 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 305 қаулысының ( 2005 жылғы 17 қазандағы мемлекеттік тіркелген нөмірі 13-7-14) күші жойылды деп танылсын. Келісілген Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері С.Таңатаров 25.08.2006 «Жамбыл ауданының қорганыс істері жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.Кеженев 25.08.2006
Басқа 8. 1990 - 1991 жылдары туған әскер қатарына шақырту жасына дейінгілерге медициналық көмекті ұйымдастыру ЖОСПАРЫ
2006 жылдың 25 тамызындағы № 197 қаулысына ҚОСЫМША 1990 - 1991 жылдары туған әскер қатарына шақырту жасына дейінгілерге медициналық көмекті ұйымдастыру ЖОСПАРЫ Реттік № Шаралардың атаулары Орындалу мерзімі Орындаушылар 1 Орталық ауруханаға 1990-1991 жылдары туған әскер қатарына шақырту жасына дейінгілердің 278 нысаны бойынша тізімі даярланып берілсін. 2006 жылдың 7 қыркүйегі «Жамбыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2 1990-1991 жылдары туған барлық жасөспірімдер лабораториялық және флюорогрфиялық тексеруден, антропометриядан өткізіліп, жүйелі түрде сүзек ауруларына қарсы егілетін егулері егілсін. Медициналық байқаудың басталуына дейін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын 3 Ф 278 нысанды атаулы тізімін қорғаныс министрінің 1 нысанды 1990-1991 жылдары туған әскер қатарына шақырту жасына дейінгілердің тізімімен салыстыру жүргізілсін. 2006 жылдың 4 қыркүйегі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын 4 1990-1991 жылдары туған әскер қатарына шақырту жасына дейінгілерді стационарлық тексеріс пен емдеу үшін қажетті көлемде койка бөлінуі қарастырыл-сын. 2006 жылдың 4 қыркүйегі Қазақетан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын 5 1990-1991 жылдары туған әскер қатарына шақырту жасына дейінгілердің медициналық комиссиядан өтуіне кесте әзірленсін және бекітілсін. 2006 жылдың 1 қыркүйегі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын 6 > Маман дәрігерлермен және орта буынды медицина қызметкерлерімен практикалық сабақтар жүргізілсін. 2006 жылдың 1 қыркүйегі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері 7 Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жанынан әскер қатарына шақыру жасына дейінгілерді комиссиядан өткізу үшін үй жабдықталсын. 2006 жылдың 5 қыркүйегі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері 8 Ф 25/У амбулаторлық карталары және оған жапсырмалар даярлансын. 2006 жылдың 16 қыркүйегі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық 9 Әскер қатарына шақырту жасына дейінгілерді емдеуге жіберетін жолдама даярлансын 2006 жылдың 1 қазаны Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын