О проведении диспансеризации юношей допризывного возраста 1990-1991 годов рождения на территории Жаркаинского района Күшін жойған
Басқа 0
Жарқайың ауданының аумағында 1990-1991 жылы туған әскер жасына дейінгі жасөспірімдерді диспансеризациялауды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының әскери міндет қызмет туралы» Заңының 15 бабына сәйкес, емделуді әскер жасына дейінгі жасөспірімдерді тереңдетілген және әскери қажет ететін медициналық бақылаудан ұйымдасқан түрде өтрзуді қамтамасыз ету мақсатында және емделуде мұқтаж болған жасөспірімдерге медициналық көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жарқайың ауданы аумағында 1990-1991 жылы туған әскер жасына дейінгі жасөспірімдер диспандерлік бақылаудан өтсін.
Тармақ 2
2. 1990-1991 жылы туған жасөспірімдерді диспансеризациялауды әзірлеу және өткізу жөніндегі іс - шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, ауыл округтерінің әкімдері, кәсіпорын, ұйымдардың басшылары (келісім бойынша) іс-шаралар жоспарына сәйкес диспансерлік бақылау мен емделуге жасөспірімдердің 100 пайызда қатысуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ақмола облысы Денсаулық сақтау департаментінің «Жарқайың орталық аудандық аурухана» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігеріне (Ахметов Б.С.) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) дәрігер - маман, орта медициналық персонал тағайындау және диспансерлік бақылау өткізу үшін қажетті медициналық мүлік пен жабдықтар бөлу;
Тармақша 2
2) жасөспірімдерді диспенсерлік бақылаудан өткізу, бақылау басталғанға дейін кестеге сәйкес лабораториялық және флюорографиялық тексеруді ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2005 жылғы 29 қыркүйекте № 1-12-10 тіркелген Жарқайың ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 408 «Ақмола облысы Жарқайың ауданында әскер жасына дейінгі жасөспірімдерді диспансеризациялауды өткізу туралы» қаулысының күш жойды деп есептелінсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Жарқайың ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен және баспасөз басылымында жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұ.Ахметоваға жүктелсін.
Басқа 10. 1990-1991 жылы туған жасөспірімдерді диспансеризациялауды әзірлеу және өткізу жөніндегі іс - шаралар ЖОСПАР
Ақмола облысы Жарқайың
ауданы әкімдігінің 2006 жылғы
«18» қыркүйек № А-9/264
қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
1990-1991 жылы туған жасөспірімдерді диспансеризациялауды әзірлеу және өткізу жөніндегі іс - шаралар ЖОСПАР
№
Іс - шаралар атауы
Орындалу
мерзімі
Орындаушылар
Орындалуы
туралы
белгілер
1
2
3
4
5
1
1990-1991 жылы туған жасөспірімдерге арналған 2 форма бойынша диспансеризациялауға жататындардың аты жөндері жазылған тізімдері консультативтік диагностикалық емханаға әзірлеу және тапсыру
2006 жылғы 10 қазанға дейін
Оқу орындарының директорлары, аудан кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары (келісім бойынша), ауылдық округтер әкімдері
2
Диспансеризациялауға жататын барлық жасөспірімдерді лабораториялық және флюорографиялық тексеру жүргізілсін
2006 жылғы 10 қазанға дейін
Ақмола облысы Денсаулық сақтау департаментінің «Жарқайың орталық аудандық аурухана» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері (келісім бойынша)
3
2 формасында берілген тізім бойынша салыстырып тексеру
2006 жылғы 10 қазанға дейін
Ақмола облысы Денсаулық сақтау департаментінің «Жарқайың орталық аудандық аурухана» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері (келісім бойынша)
4
Стационарлық ем алу үшін аурухана кроваттарын қажеттілігінше бөлінуін қарастыру.
2006 жылғы 10 қазанға дейін
5
1990-1991 жылы туған жасөспірімдердің медициналық комиссиядан өту кестесін әзірлеу және бекіту
2006 жылғы 10 қазанға дейін
6
Диспансеризациялауды өткізу бойынша дәрігер - мамандар мен орта медициналық персоналдармен тәжірибелік сабақтар өткізу
2006 жылғы 10 қазанға дейін
7
Аудандық аурухана жанынан диспансеризациялау үшін орын жабдықтау
2006 жылғы 10 қазанға дейін
8
025/У формасы аумбулаториялық карта бланкасын оған 025-1/У формасын енгізуді әзірлеу
2006 жылгы 10 қазанға дейін
9
Диспансеризациялау жөніндегі есепке алу кітабын, емделуге жіберілген жасөспірімдер тізімін әзірлеу
2006 жылғы 10 қазанға дейін
Жарқайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімі (келісім бойынша)
10
Консультативтік-диагностикалық емханада және емдеу мекемелерінде диспансеризациялауды өткізуге бақылау жасауды қамтамасыз ету
2006 жылғы 10 қазаннан бастап 20 қазанға дейін
Ақмола облысы Денсаулық сақтау департаментінің «Жарқайың орталық аудандық аурухана» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері (келісім бойынша)