Об организации и проведении медицинских освидетельствований юношей 1990-1991 года рождения на территории Аршалынского района Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аршалы ауданы аумағында 1990-1991 жылдары туылған жастарды медициналық куәландыруларын ұйымдастару және өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабына және Қазақстан Респуликасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ «Әскери міндет және әскери қызмет» Заңына сәйкес, әскерге дейінгі жастарды тереңдетілген медициналық тексеруден өткізуді, емдеуді қажет еткен жастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аршалы ауданы аумағында 2006 жыл бойына дәрігер - мамандардың толық құрамымен 1990 -1991 жылдары туылған жастарды медициналық куәландыруын ұйымдастырсын және өткізсін.
Тармақ 2
2. Аршалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігеріне:
Тармақша 1
1) сапалы медициналық куәландыруды өткізу үшін, қажетті дәрігер - мамандармен медициналық комиссияны жинақтасын.
Тармақша 2
2) жастарды медициналық куәландыру үшін, қажетті мөлшерде флюрографиялық үлдірме (пленка), дәрі - дәрмектермен қамту бойынша шара қабылдансын.
Тармақша 3
3) жеткіншектермен қызмет жұмысы ықпалын көтеріп, жастардың ортасында емдеу - сауықтыру жұмыстарын жақсартуға қол жеткізсін.
Тармақ 3
3. Аудандық білім бөлімінің бастығына, мекемелермен, кәсіпорындар басшыларына меншік түріне қарамастан (келісім бойынша) Аршалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге белгіленген үлгіде 1990- 1991 жылдары туылған жастардың тізімін берсін. Медициналық куәландыруға тексерілу уақытында жастарды оқудан, жұмыстан босатып, мекеме, оқу орыны өкілдерінің басшылығымен медициналық тексеруге міндетті келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аршалы аудандық Әділет Басқармасында 2005 жылдың 10 қазанында № 1-4-38 тіркелген Аршалы ауданы әкімінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 41, шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Шешім Аршалы аудандық әділет Басқармасында тіркелген және жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Мәмбетов Талғат Жаңабергенұлына жүктелсін. КЕЛІСІЛГЕН «Аршалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ бастығы капитан Нүркеев Р.С. 19.09.2006 ж. КЕЛІСІЛГЕН Аршалы ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері Биджиев В.М. 19.09.2006 ж. КЕЛІСІЛГЕН «Аршалы ауданының білім бөлімі» ММ бастығы Исаева И.О. 19.09.2006 ж.