1990-1991 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлеуден өткізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1990 - 1991 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлеуден өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес және әскерге шақырылатын азаматтарды толықты медициналық тексерістен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдердің диспансерлеуі қараша айында өткізілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Қайролла Шәріпұлы Жолболдин-келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шақырылатындармен жүргізілетін саяси тәрбие жұмысының жоспарын жасасын;
Тармақша 2
2) дәрігер мамандармен орта медицина қызметкерлерімен іс тәжірибе алмасу оқуларын өткізсін.
Тармақ 3
3. Аудандық медицина бірлестігі (Бөкеш Орақұлы Еспаев-келісім бойынша) диспансерлеуден өткізген уақытында:
Тармақша 1
1) диспансерлеуге жататын жасөспірімдердің барлығын лабороториялық, флюорографиялық зерттеуден өткізсін;
Тармақша 2
2) дәрігер мамандармен, медбибілермен және құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) жасөспірімдерді емдеу үшін қажет жағдай жасасын;
Тармақша 4
4) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің диспансерлеу өткізуге арнайы бөлмесі жабдықтармен қамтамасыз етілсін;
Тармақша 5
5) амбулаториялық бланктерін дайындасын.
Тармақ 4
4. Аудандық білім беру бөлімі (Айдос Диханұлы Ахметов) 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдердің тізімін дайындап аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне тапсырсын.
Тармақ 5
5. Ауыл және кент әкімдері жасөспірімдердің диспансерлеудің ұйымшылдықпен келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Аудандық қаржы бөлімі (Николай Анатольевич Баранов) аталмыш араларды өткізу үшін бюджеттен қажетті қаржы бөлінсін.
Тармақ 7
7. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 31 тамыздағы «1989-1990 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлеуден өткізу туралы» (2005 жылдың 23 қыркүйегінде мемлекеттік тіркеу тізімінде нормативтік құқықтық актілердегі тіркелінген № 8-14-4) № 12/02 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы Қ.Ш.Жолболдин 12.10.2006 жыл КЕЛІСІЛДІ Аудандық медициналық бірлестігінің директоры Б.О.Еспаев 12.10.2006 жыл