1990 - 1991 жылдарды азаматтарды диспансерлеуден өткізу туралы Қолданыста
Басқа 0
1990 - 1991 жылдары туған азаматтарды диспансерлеуден өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес және әскери міндетке шақыру кезеңіне дейінгі жастағы азаматтардың денсаулығын түзеу, сақтау, дене дамуын нығайту, диспансерлеуден өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1990 - 1991 жылдары туған жасөспірімдерді аудандық ауруханада диспансерлеуді немесе барлық дәрігерлердің селолық дәрігерлік амбулаторияларға іссапарға" шығуы арқылы 2006 жылдың 18 қыркүйегінен бастап 29 қыркүйегіне дейін жұмыстары жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Уақытында жасөспірімдерді диспансерлік тексеруден өткізілуін қамтамасыз ету, оқу орындары басшылары мен селолық дәрігерлік амбулаториялардың дәрігерлеріне ұсынылып, селолық округ әкімдеріне міндеттелсін.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау департаментінің аудан бойынша өкілі (Н. Нұрсейітов), аудандық аурухананың бас дәрігері (Б. Қазыбеков):
Тармақша 1
1) диспансерлеу кезеңіне қажетті дәрігер мамандар, орта буынды медицина қызметкерлерін бөлісін;
Тармақша 2
2) зертханалық және рентгенологиялық тексеруін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) медициналық бақылау және емдеуді қажет ететін жасөспірімдердің медициналық байқауын өткізу жоспарын дайындасын, емдеу-профилактикалық мекемелерге бекітсін және тізімдерін Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне берсін;
Тармақша 4
4) медициналық байқау өткізудің сапасына қатан бақылау жасасын;
Тармақша 5
5) медициналық бақылау қорытындылары емханалық қарталардың қосымша беттерінде аурудың эпикризін міндетті түрде толтыра отырып көрсетсін;
Тармақша 6
6) селолык округ әкімдері диспансерлеуге жататын барлық жасөспірімдердің тізімге енгізілуіне бақылау жасап, дер уақытында және ұйымдасқан түрде медициналық байқауға келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. 1990 - 1991 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлеуден өткізу қорытындысы бойынша, денсаулық сақтау департаментінің аудан бойынша өкілі (Е. Нұрсеитов), аудандық аурухананың бас дәрігері (Б. Қазыбеков) диспансерлеу кезінде анықталған медициналық бақылауды және емдеуді қажет ететін барлық жасөспірімдерді аудандық аурухананың жасөспірімдер қызметі бөліміне және селолық дәрігерлік амбулаторияға бекітіп, аудан әкіміне ақпарат берсін, көшірмесін Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жіберсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Әлжановка жүктелсін.
Келісілді
Аудандык корғаныс істері
жөніндегі бөлімінін
бастығы
С. Бектеміров