О проведении диспансеризации юношей 1990 – 1991 годов рождения Қолданыста
Басқа 0
1990 – 1991 жылы туған жасөспірімдерге диспансеризациялауды өткізу туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, «Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» Заңының 15 бабына сәйкес, шақыру жасына дейінгі жасөспірімдердің денсалықтарын тексеру мақсатында, науқастардың арасында емдеу шараларын өткізуге байланысты, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2006 жылдың 22 желтоқсанына дейін ауданда шақыру жасына дейінгі жасөспірімдерді емдеу жұмыстары өткізілсін:
Тармақша 1
1) «Аудандық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорында (бұдан әрі – аудандық аурухана), «Павлодар облысы Ертіс ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ҚІБ) комиссиясының құрамымен, 1990 – 1991 жылы түған жасөспірімдермен дәрігерлік тексеру өткізілсін;
Тармақша 2
2) 1990 – 1991 жылы туған жасөспірімдермен өткізілетін барлық емдеу шаралары аудандық емдеу мекемелерінде өткізіліп, тексеру нәтижелеріне сәйкес медициналық құжаттарда нақтынасын.
Тармақ 2
2. Ауыл әкімдеріне, мектеп директорларына, 1990 – 1991 жылы туған жасөспірімдердің тізімін аудандық ауруханаға 0273 М3 және ҚІБ 1-МО үгілісімен берсін.
Тармақ 3
3. «Ертіс ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Т. Кәтиевке, мектеп директорларына, ұйымдардың қолдаумен кестеге сәйкес, емдік тексеру алғашқы әскери дайындығының ұйымдастырушы-оқытушының міндетті түрде басшылығымен жасөспірімдердің аудандық ауруханаға емдік тексеруге жеткізуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Павлодар облысының денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесінің Ертіс ауданы бойынша өкілі С.А. Арыновқа (келісім бойынша), аудандық аурухананың бас дәрігері М.М. Махамбетовке:
Тармақша 1
1) дәрігер мамандардың, орта дәрігерлік персоналдардың құрамын анықтап, жасөспірімдердің емдеу тексеруін өткізу үшін медициналық мүлік және жабдықтар бөлінсін;
Тармақша 2
2) тексеру мен емделуі қажет ететін жасөспірімдердің шығарып, емдік есепке алынсын;
Тармақша 3
3) тексеруді ұйымдастыру, емделу мн өткізу, науқастардың емделуін, жасөспірімдік дәрігерлердің жұмысы қамтамасыз етілсін, бұл жұмыста есепке алу мен беру құжаттамасы жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Аудандық аурухананың бас дәрігері М.М. Махамбетовке:
Тармақша 1
1) аудандық аурухана бөлімшелерінде науқас жасөспірімдердің емделуін ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) жасөспірімдердің стационарлық зерттелуі мен емделуін қамтамасыз ету үшін қажетті керуеттер санын қарастыру.
Тармақ 6
6. Ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың бас дәрігерлеріне:
Тармақша 1
1) амбулаторлық карталар (ф-25) және олардың жапсырмаларын (ф-25-у) дайындау;
Тармақша 2
2) белгіленген үлгі бойынша жасөспірімдердің емделуі мен медициналық зерттелуі туралы тоқсандық ақпарат ұсынуы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 7
7. «Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемемінің бастығы Ү.Ә. Әбділқалықовқа Қазақстан Республика Үкіметінің 2006 жылғы 6 қантардағы «Бекітілген кепілдірілген медициналық көмек көлеміне өзгертулер және толықтырулар туралы» № 14 Қаулысына сәйкес 2006 жылдың қазан-желтоқсан айларында ауданда әскерге шақырылатын жасөспірімдерде емдік жұмыстарын өткізуге аудандық ауруханаға қажетті қаржы, аудан бюджетінен бөлінсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім ресми жарияланған күнінен іске кіреді.
Тармақ 9
9. Берілген шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Н. Воронин және ҚІБ бастығы А.К. Сарин (келісім бойынша) жүктелінсін.
Келісілді
ҚІБ бастығы А. Сарин
2006 ж. 10 қазан