«Об организации и проведении медицинских освидетельствований юношей 1990-1991 годов рождения на территории Атбасарского района» Күшін жойған
Басқа 0
Атбасар ауданының төңірегіндегі 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдерге медициналық куәландыруды ұйымдастыру және өткізу туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақста Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес, әскерге дейінгі жастағы жасөспірімдерді тереңдетілген медициналық куәландырудан ұйымшылдықпен өткізу, емдеуді қажет ететін жасөспірімдерге медициналық көмек көрсету мақсатымен, аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Атбасар ауданының төңірегінде 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдерді «Атбасар аудандық емханасы» мемлекеттік мекемесі (алдағы ММ) базасында дәрігер мамандардың толық құрамымен медициналық куәландырудан өткізуді 2006 жылдың қазан-қараша айларында ұйымдастыру және жүргізу.
Тармақ 2
2. «Атбасар аудандық емханасы» ММ бас дәрігеріне (Аужанова С.А.) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) медициналық куәландырудан өткізу кестесін құру және бекіту;
Тармақша 2
2) ауданның медициналық комиссиясын дәрігер-мамандармен жабдықтау: терапиялық, хирург, жүйке ауруларының дәрігері, құлақ-мұрын, тамақ дәрігері, көз дәрігері, тіс дәрігері, психиатр, дерматолог-венеролог;
Тармақша 3
3) «Атбасар аудандық емханасы» ММ жасөспірімдер кабинетін жасөспірімдерге медициналык куәландыруды жүргізу үшін дәрі-дәрмектермен, аспаптармен және қажетті материалдармен қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. «Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ (Сексенбаева Ж.Б.), құқықтық-ұйымдастыру түріне тәуелсіз ұйым, мекеме, кәсіпорын басшыларына 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдердің белгіленген түрдегі тізімін «Атбасар аудандық емханасы» ММ, «Атбасар қаласының біріктірілген Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ ұсыну. Медициналық куәландыру кезінде жасөспірімдерді оқудан және жұмыстан босату және оқу орындары, кәсіпорындардың өкілдерімен міндетті түрде «Атбасар аудандық емханасы» ММ кестесі бойынша медициналық куәландыруға әкелуді қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жұмысы аудан әкімінің орынбасары Л.И. Боброваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет мекемесінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіліп, ресми жариялануға жатады.