Об организации и проведении медицинского освидетельствования юношей 1990-1991 годов рождения на территории Ерейментауского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ерейментау ауданы аумағында 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдерді медициналык куәландыруды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 74-111 «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңдарына сәйкес, әскерге шақыру жасына дейінгі жастарды тереңірек дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру және дәрігерлік емдеуді қажет ететін жастарға көмек көрсету мақсаттарында аудан әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ерейментау аудандық орталық ауруханасына ұсынылады (Б.М.Мейірманов (келісім бойынша)
Тармақша 1
1) 2006 жылдың қыркүйек пен қазан айларында қала мен аудан аумағында 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдерді толық дәрігер мамандардан құрылған медициналық куәландыру тексеруден өткізу ұйымдастырылсын;
Тармақша 2
2) медициналық куәландыру тексеруді өткізу мақсатында дәрігерлік пункт мына мекенжайда ұйымдастырылсын: Ерейментау қаласы, Кенесары Қасымов көшесі, № 81 үй, Клиникалық-диагностикалык емхана;
Тармақша 3
3) аудандық дәрігерлік комиссиясы терапевт, хирург, невропотолог, отоларинголог, окулист, стоматолог, психиатр, дерматолог дәрігер- мамандармен толықтырылсын. Жастарды диспансерлік тексеруден өткізу үшін кажет дәрі-дәрмектермен және флюролық үлгілермен қажет мөлшерде қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) жасөспірімдер арасында емдеу-сауықтыру жұмыстарын жақсартуға қол жеткізсін және Ерейментау қаласының клиникалық - диагностикалық емхананың жасөспірімдерге қызмет көрсету жұмыстарының тиімділігін арттырсын.
Тармақ 2
2. Аудандық білім бөлімі (Сарсенбаева Г.Б.) мекелемердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына ұйымдастыру - құқықтық нысанына қарамастан ұсынылсын:
Тармақша 1
1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, денсаулық сақтау бөлімінің жасөспірімдер бөлімшесіне 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдердің тізімін белгіленген түрде табыс етсін;
Тармақша 2
2) медициналық тексеруді өткізу уақытында үшін жастарды оқудан және жұмыстан босатып, оларды дәрігерлік тексеруге оқу орындары мен кәсіпорындар өкілдерінің жетекшілігімен міндетті түрде жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ауданның Ерейментау қаласының, ауылдық округтар мен ауылдардың әкімдері, әскерге шақырылушы жастардың дәрігерлік куэландыруға толығымен келуін қамтамасыз етуі тиіс,жастарды дәрігерлік куәландыруга эскери-есепке жауапты мамандар ертіп әкелуі тиіс. Жазатайым оқиғаларды болдырмауға жағдайлар жасалсын.
Тармақ 4
4. 2005 жылдың 12 қырқүйегінде № 17 Ерейментау ауданының әкімінің «Ерейментау ауданы аумағында 1989-1990 жылдары туған жасөспірімдердің медициналық куәландыруды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешімі, 2005 жылдың 26 қыркүйек айында Ерейментау ауданының әділет Басқармасында № 1-9-34 тіркелген және 2005 жылдың 8 қазанда № 118-119 Ереймен газетінде жарияланған күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Нақты шешім Ерейментау аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және кезекті басылымдарда ресми жарияланганнан кейін күшіне енеді.
Тармақ 6
6. Нақты шешімнің іс-әрекеті 2006 жылдың 13 қыркүйегінен болған құқық қарым-қатынастарына таратылады.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау алу аудан әкімінің орынбасары аудан әкімінің орынбасары С.Н.Дүйсембаеваға жүктелсін. КЕЛІСІЛГЕН: Виктор Михайлович Снежко Ерейментау аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы Бахытжан Мурзағалиұлы Мирманов Ақмола облысы денсаулық сақтау Департаментінің Ерейментау аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері