Об организации и проведений медицинского освидетельствования юношей 1990-1991 годов рождения на территории Есильского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Есіл ауданының аумағында 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдердің медициналық куәландырылуын ұйымдастыру және өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндет пен әскери қызмет туралы» Заңдарына сәйкес, әскерге шақыру жасына дейінгі жастарды ұйымдастырылған түрде тереңірек медициналық тексеруден өткізуді және медициналық көмек көрсету және медициналық емдеу қажет ететін жастарға көмек көрсету мақсаттарында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Есіл қаласы, Красногорский кенті, село және селолық округ әкімдері 2006 жылдың күзінде 1990-1991 жылдары туған жасөсірімдерді толық дәрігер мамандарынан құрылған диспансерлік тексеруден өткізуді ұйымдастырып, өткізсін.
Тармақ 2
2. Есіл ауданының аудандық орталық ауруханасы, диспансерлік тексеруді сапалы өткізу үшін ауданның медициналық комиссияларын қажетті дәрігер мамандарымен қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Білім беру бөлімі, меншіктік нысандарына қарамастан.мекеме, кәсіпорындардың басшылары, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, орталық аудандық ауруханаға, 1990-1991 жылы туған жасөспірімдердің тізімін берсін. Диспансерлік тексеруден өту уақытында өту үшін жастары оқудан және жұмыстан босатып, олардың дәрігерлік тексеруге оқу орынары мен көсіпорын өкілдерінің жетекшілігімен міндетті түрде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Шешім Есіл ауданы Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиісті.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Шаяхметовке жүктелсін. Келісілген: Қайсарбеков Орынбек Қабдоллаұлы аудандық орталық аурухана бас дәрігері Паршин Константин Геннадьевич қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы