О проведении в городе Степногорске, поселках Аксу, Бестобе, Заводской и Карабулакском сельском округе медицинского освидетельствования юношей 1990-1991 годов рождения Қолданыста
Басқа 0
Степногорск қаласында, Ақсу, Бестөбе, Заводской кенттерінде және Қарабұлақ селолық округінде 1990-1991 жылдарда туған жасөспірімдерді медициналық куәландырудан өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 15 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, сондай-ақ емделуге мұқтаж жасөспірімдерге медициналық көмек көрсету, әскерге шақыру жасына дейінгі жасөспірімдерді медициналық тексеруден ұйымдастырып өткізу мақсатында Степногорск қаласының әкімділігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) Степногорск қаласының, Ақсу, Бестөбе, Заводской кенттерінің және Қарабұлақ селолық округінің 1990-1991 жылы туған жасөспірімдерін 2006 жылғы қыркүйек айынан бастап қараша айына дейін медициналық тексеруден өткізсін.
Тармақ 2
2. Медициналық комиссияға хирург, терапевт, көз дәрігері, отоларинголог, невропатолог, стоматолог, психиатр, рентгенолог, дерматовенеролог дәрігерлерін міндетті түрде қатыстырып, медициналық тексеру қалалық емхана және Бестөбе кентіндегі алдын ала емдеу мекемесі базасында өткізілсін.
Тармақ 3
3. 15-16 жастағы жасөспірімдерді сауықтыру мен медициналық тексеруден өткізу жауапкершілігі Степногорск қалалық емханасына (келісім бойынша) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Степногорск қаласының білім бөлімі (Сәдуақасова Г.Ә.), Степногорск қаласының, Ақсу, Бестөбе, Заводской кенттерінің және Қарабұлақ селолық округінің мектеп директорлары, № 2 Степногорск кәсіптік лицейінің, № 13 Степногорск кәсіптік лицейінің, Степногорск гуманитарлық-техникалық колледжі, Әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, Экономика-техникалық колледжі, Алматы экономика және статистика академиясы, Медицина-биологиялық факультетінің, Қазақ заң колледжінің директорлары жасөспірімдерді ұйымдастырып жоспар-кестесі бойынша (қосымша) медициналық тексеруге жіберіп отырсын.
Тармақ 5
5. Қалалық емханасың бас дәрігері (Дуйсенов А.Қ.):
Тармақша 1
1) айқындалған ауруларды маман-дәрігерлерге бекітіп, емдеуді және диспансерлік бақылауды ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) медициналық куәландыру кезеңінде тістерін емдеуге мұқтаж жасөспірімдердің тіс емдеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Степногорск қалалық аймақтық психиатрия ауруханасы (келісім бойынша) жасөспірімдерді медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық комиссияның қарамағына психиатр-дәрігерін берсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Степногорск қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануға жатады және 2006 жылғы қыркүйектің 18-нен бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.Р.Қадыровқа жүктелсін.
Басқа 11. Степногорск қаласында, Ақсу, Бестөбе, Заводской кенттерінде және Қарабұлақ селолық округінде 15 - 16 жастығы (1990 - 1991 жылы туған) жасөспірімдерді 2006 жылғы қыркүйектің 18-нен бастап қарашаның 30-не дейін диспансерлік тексеруден өткізу
КЕСТЕ – ЖОСПАРЫ
Степногорск қаласы әкімдігінің
2006 ж.«31» 10
№ а-19/628 қаулысына
қосымша
Степногорск қаласында, Ақсу, Бестөбе, Заводской кенттерінде және Қарабұлақ селолық округінде 15 - 16 жастығы (1990 - 1991 жылы туған) жасөспірімдерді 2006 жылғы қыркүйектің 18-нен бастап қарашаның 30-не дейін диспансерлік тексеруден өткізу
КЕСТЕ – ЖОСПАРЫ
№
р/р
Оқу орындарының атауы
Диспансерлік тексерудің өткізу күндері
Өткізетін орны
Қанша жасөспірімдер тексерілген
Туған жылдары бойы
Сауықтырылған
1
№ 4 ОМ
18.09.06 ж.
ҚЕ
2
№5 ОМ
19.09-20.09.06 ж.
ҚЕ
3
№ 7 ОМ
21.09-22.09.06 ж.
ҚЕ
4
№ 8 ОМ
25.09-27.09.06 ж.
ҚЕ
5
№ 9 ОМ
28.09-29.09.06 ж.
ҚЕ
6
Қосалқы мектеп
02.10.06 ж.
ҚЕ
7
№ 1 ОМ
03.10-04.10.06 ж.
ҚЕ
8
Кешкі мектеп
05.10-06.10.06 ж.
ҚЕ
9
№ 2 ОМ
09.10-10.10.06 ж.
ҚЕ
10
№ 3 ОМ
11.10-12.10.06 ж.
ҚЕ
11
№ 6 ОМ
13.10-17.10.06 ж.
ҚЕ
12
Карабулак с. ОМ
18.10.06 ж.
ҚЕ
13
Заводской п. ОМ
19.10-20.10.06 ж.
ҚЕ
14
Ақсу п. ОМ, Аксу ст. ОМ
23.10-24.10.06 ж.
ҚЕ
15
Кварцитка п. ОМ
26.10-27.10.06 ж.
ҚЕ
16
СГТК
30.10-31.10.06 ж.
ҚЕ
17
13-СКЛ
01.11-03.11.06 ж.
ҚЕ
18
СЭТК
06.11-08.11.06 ж.
ҚЕ
19
АЭжС
09.11.06 ж.
ҚЕ
20
СГК
10.11-15.11.06 ж.
ҚЕ
21
ҚазЮК
16.11-17.11.06 ж.
ҚЕ
22
2-СКЛ
20.11-23.11.06 ж.
ҚЕ
23
МБФ
24.11.06 ж.
ҚЕ
24
ГЭК «Мақсат»
27.11-28.11.06 ж.
ҚЕ
25
ұйымдаспағандық
29.11.06 ж.
ҚЕ
26
ОШИОСД
30.11.06 ж.
ҚЕ
Күн сайын 20 адамнан көпеме - 1989ж., 20 адам - 1990ж., 20 адам - 1991ж., қалалық емханаға № 37, № 41 кабинетіне таңғы 8-де келуге тиіс. Өзінмен бірге анализға жолдамасы болу (қанның жалпы анализі; зәрдің жалпы анализі; RW-ға қан; 1990 ЭКГ-ға) амбулаторлық карта.
Ескерту: толық жазылуы: ОМ - орта мектеп, СКЛ - Степногорск кәсіби лицейі, СГТК - Степногорск гуманитарлық - техникалық колледжі, СГК - Әлеуметтік - гуманитарлық колледжі, ҚазЮК - Қазақ заң колледжі, АЭжС - Алматы экономия және статистика академиясы, МБФ - медико-биологиялық факультет, ЭТС - экономика-техникалық колледжі, ҚЕ - қалалық емхана