Об организации и проведении медицинского освидетельствования юношей 1990-1991 годов рождения на территории Ерейментауского района Қолданыста
Басқа 0
Ерейментау ауданы аумағында 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдерді медициналық куәландыруды ұйымдастыру және өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 74-111 «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңдарына сәйкес, әскерге шақыру жасына дейінгі жастарды тереңірек дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру және дәрігерлік емдеуді қажет ететін жастарға көмек көрсету мақсаттарында аудан әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ерейментау аудандық орталық ауруханасына ұсынылады (Б.М.Мейірманов (келісім бойынша).
Тармақша 1
1) 2006 жылдың қыркүйек пен қазан айларында қала мен аудан аумағында 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдерді толық дәрігер мамандардан құрылған медининалық куәландыру тексеруден өткізу ұйымдастырылсын;
Тармақша 2
2) медициналық куәландыру тексеруді өткізу мақсатында дәрігерлік пункт мына мекенжайда ұйымдастырылсын: Ерейментау қаласы, Кенесары Қасымов көшесі, № 81 үй, Клиникалық-диагностикалық емхана;
Тармақша 3
3) аудандық дәрігерлік комиссиясы терапевт, хирург, невропатолог, отоларинголог, окулист, стомаголог, психиатр, дерматолог дәрігер-мамандармен толықтырылсын.
Жастарды диспансерлік тексеруден өткізу үшін қажет дәрі-дәрмектермен және флюролық үлгілермен қажет мөлшерде қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) жасөспірімдер арасында емдеу-сауықтыру жұмыстарын жақсартуға қол жеткізсін және Ерейментау қаласының клиникалық - диагностикалық емхананың жасөспірімдерге кызмет көрсету жұмыстарының тиімділігін арттырсын.
Тармақ 2
2. Аудандық білім бөліміне (Сарсенбаева Г.Б.) мекелемердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына ұйымдастыру - құқықтық нысанына қарамастан ұсынылсын:
Тармақша 1
1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, денсаулық сақтау бөлімінің жасөспірімдер бөлімшесіне 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдердің тізімін белгіленген түрде табыс етсін;
Тармақша 2
2) медициналық тексеруді өткізу уақытында үшін жастарды оқудан және жұмыстан босатып, оларды дәрігерлік тексеруге оқу орындары мен кәсіпорындар өкілдерінің жетекшілігімен міндетті түрде жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ауданның Ерейментау қаласының, ауылдық округтар мен ауылдардың әкімдері, әскерге шақырылушы жастардың дәрігерлік куәландыруға толығымен келуін қамтамасыз етуі тиіс, жастарды дәрігерлік куәландыруға әскери-есепке жауапты мамандар ертіп әкелуі тиіс. Жазатайым окиғаларды болдырмауға жағдайлар жасалсын.
Тармақ 4
4. 2006 жылдың 2 қарашасындағы № 11 Ерейментау ауданының әкімінің «Ерейментау ауданы аумағында 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдердің медициналық куәландыруды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешімі, 2006 жылдың 23 қараша айында Ерейментау ауданының әділет Басқармасында № 1-9-69 тіркелген және 2006 жылдың 29 қарашасында № 137 «Ереймен» газетінде жарияланған күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Нақты шешім Ерейментау аудандық әділет Баскармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және кезекті басылымдарда ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Тармақ 6
6. Нақты шешімнің іс-әрекеті 2006 жылдың 13 қыркүйегінен болған құқық қарым-қатынастарына таратылады.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау алу аудан әкімінің орынбасары С.Н.Дүйсембаеваға жүктелсін.