О приписке граждан 1990 года рождения к призывному участку Айыртауского района в период с января по март 2007 года Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде Айыртау ауданының шақыру учаскесіне 1990 жылғы азаматтарды тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес, әскери есепке дейінгі шақырылушыларды әскери есепке қою мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. 1990 жылғы азаматтарды 2007 жылдың 10 қаңтарынан 2006 жылдын 19 наурызына дейінгі кезеңде Айыртау ауданының шақыру учаскесіне тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Селолық округ әкімдері белгіленген мерзімде хабарды жеткізуді ұйымдастырып, азаматтардың тіркеуге уақытында жеткізілуін камтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріне:
тіркеуді жүргізу жөніндегі комиссия билігіне білікті дәрігерлердің, орта деңгейлі медициналық қызметкерлердің қажетті саны бөлінсін;
қамтамасыз етілсін:
тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссиясы дәрі-дәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен;
тіркеу жургізу үстінде анықталып, қосымша тексеруге жіберілген науқас әскерге шақырылушыларды емдеу.
Тармақ 4
4. Ауданның каржы бөлімі 2007 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі тіркеу жүргізу кезеңде Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тартылған техникалық қызметкерлердің және қызмет ететін жұмысшы тұлғалардың еңбегіне жалақы төлеу үшін бекітілген смета шегінде қаржыландыру жүргізілсін, сонымен бірге тіркеуді ұйымдастыру және 1990 жылғы, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген үлкен жастағы азаматтарды іздестіру үшін аталған іс-шараға бөлінген каражаттан акшалай қаражатты бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөлімі тіркеу жүргізу кезеңде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.С.Қалиевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің
бастығы
Ю.Плетухин
2006 ж. «22»12
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Б.Ильяшев
2006 ж. «22»12
Аудандық орталық
аурухананың
бас дәрігері
М.Сырғабаев
2006 ж. «22»12
Ауданының қаржы
бөлімінің бастығы
С.Ахметов
2006 ж. «22»12