О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1990 года рождения к призывному участку района Магжана Жумабаева в 2007 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын 2007 жылы Мағжан Жұмабаев аудандық шақыру учаскесіне тіркеу жүргізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы «Жалпыга бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы 8 қаңтардан 2007 жылғы 30 наурызды қоса алған мерзім аралығында Мағжан Жұмабаев аудандық шақыру учаскесіне 1990 жылы туған және бұрын тіркелмеген жасы үлкендерді тіркеу жүргізілсіи.
Тармақ 2
2. Мағжан Жұмабаев ауданының шақыру учаскесіне азаматарды тіркеу жүргізу үшін мына құрамда тіркеу жөніндегі комссия құрылсын. Ғабдуллин Дулат Бекейұлы - Мағжан Жұмабаев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы комиссия төрағасы (келісім бойынша) Бражник Галина Николаевна - аудан әкімі аппаратының бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Нұрпейісов Манарбекк Хайыртайұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Учайкина Галина Васильевна - дәрігер, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Донова Людмила Николаевна - аудандық орталық аурухананың медбикесі комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. Тіркеу комиссиясының мүшелері комиссиядағы міндеттерін орындаған кезде оның жұмыс орны, лауазымы және еңбекақысы сақталады.
Тармақ 4
4. Селолық округтердің әкімдері және әскер жасына дейінгі азаматтарға Мағжан Жұмабаев ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі белгілеген мерзімде шақыру учаскесіне тіркелуге келу туралы хабарлауды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Селолық округтердін әкімдері әскер жасына дсйінгі азаматтарды әскери есеп жүргізуге жауапты тұлғалардың жетекшілігімен тіркеу жүргізуге шақыру учаскесіне және тұратын жерінс дейін кері жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөліміне (Ж.Қ. Мұқатановқа) (келісім бойынша) өзінің құзыр шегінде әскери міндеттен жалтарған тұлғаларды іздеу және ұстау ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Аудандық орталык аурухананың бас дәрігері В.В. Уваровка (келісім бойынша) медициналық комиссия жұмысына тәжірибелі мамандарды тарту ұсынылсын. Медициналық жабдықтар жөнделсін және флюорографикалық рентгендік, лабораториялық зерттеулер, жүректің электрокардиограммасын жасауға шығын материалдарының қажетті саны қамтамасыз етілсін. Тіркелетін әр азаматтын амбулаторлық картасы және оған Ф-025-І/Ү қосымша бет болуын қадағаласын.
Тармақ 8
8. «Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
Тармақша 1
1) медициналық мекемелерге медициналык куәландыру жүргізілген қызметі үшін жоспарланған шығын сметасына сәйкес төлемақы жүргізсін;
Тармақша 2
2) тіркеу жүргізу мерзіміне 5 адам құрамында қызмет етушілермен штаттық кестеге сәйкес еңбекақысын төлеуге жеке еңбек шартып жасасын;
Тармақша 3
3) көлікті жалдау үшін жоспарланған шығын сметасына сәйкес төлемақы жүргізсін.
Тармақ 9
9. Аудандық қаржы болімінің бастығы М.И. Омарова тіркеу науқанын қаржыландыруды бөлінген қаражат шегінде уақтылы қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.М. Қазбековқа жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен 10 күн өткен соң колданыска енеді. КЕЛІСІЛДІ: Ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Д.Ғабдуллин 20.12.2006 ж. Ауданның ішкі істер бөлімі бастығы Ж.Мұқатанов 20.12.2006 ж. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері В.Уваров 20.12.2006 ж.