О проведении мероприятий по приписке граждан мужского пола 1990 года рождения к призывному участку управления по делам обороны города Темиртау в 2007 году Қолданыста
Басқа 0
2007 жылы Теміртау қаласының қорғаныс icтepi жөніндегі басқармасының шақыру учаскесінде 1990 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеу жөніндегі шараларды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс icтepi жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2007 жылдың қаңтар-наурызында шақыру учаскесінде 1990 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеуді жүргізеді. Бұл жұмыстың мақсаты: азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық деңгейін, денсаулық жағдайын, жалпы білім деңгейгі және мамандығын аңықтау, әскерге шақырылушының алдын-ала қайда баратынын белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды ipiктey.
Тіркеуді уақытында және сапалы өткізу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс icтepi жөніндегі
басқармасы» мемлекеттік мекемесі (кeлiciм бойынша) 2007 жылдың қаңтар-
наурызында Теміртау қаласы мен Ақтау кенті аумағында тұрақты және
уақытша тұратын азаматтарды Теміртау қаласының қорғаныс icтepi жөніндегі
басқармасында тіркеуді жүргізсін.
Тармақ 2
2. 2007 жылы Teмipтay қаласының қорғаныс icтepi жөніндегі басқармасының шақыру учаскесінде 1990 жылы туған еркек жынысты
азаматтарды тіркеуді жүргізетін тipкey жөніндегі комиссияның дербес құрамы
бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 3
3. Тіркеу жөніндегі комиссия жұмысын 2007 жылдың каңгар-наурызында жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Tipкeyre жататын азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу
үшін «Қарағанды облысы денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік
мекемесінің Теміртау аймақтық өкілдігі (кeлiciм бойынша):
Тармақша 1
1) «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен
денсаулық сақтау кәспіорындарымен және мекемелерімен жасаған
медициналық қызметке төлеу жөніндегі шарттарға сәйкес 2007 жылдың қаңтар-
наурызында тіркеу жөніндегі медициналық комиссияны жүргізу үшін есеп
негізінде дәрігер-мамандар мен орта медициналық персонал бөлсін (2-
қосымша);
Тармақша 2
2) «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс icтepi жөніндегі
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өтініміне сійкес медициналық
комиссияны қажетті құрал-сайманмен, дәрі-дәрмектермен және мүліктермен
қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) тіркеу жөніндегі комиссия жіберген 1990 жылы туған азаматтарды
кезексіз тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесі тіркеуді жүргізу кезеңіне 2007 жылдың қаңтар-
наурызында 1990 жылы туган азаматтарды хабардар ету және жеке істерін
ресімдеу үшiн «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс icтepi
жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 15 техникалық жұмысшы
бөлсін.
Тармақ 6
6. Азаматтарды тақыру учаскесіне тipкey жөніндегі комиссия
мүшелерінің, медициналық, техникалық кызметкерлердің, сондай-ақ қызмет
көрсету персоналдарының шақыру учаскелерінде жұмыс icтey үшiн
іссапарларға жіберілгендердің осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны,
қызметі және жалақысы сақталынады.
Тармақ 7
7. Ұйымдар, мекемелер, оқу орындары басшыларына 1990 жылы туған
азаматтарды іссапарлардан, демалыстардан шақырып алу, оларды хабардар ету
және дер кезінде шақыру учаскесіне келуін ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. «Қарағанды облысы iшкi істер Департаментінің Теміртау қаласы iшкi істер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндетін
атқарудан жалтарған адамдарды іздестіруді, ұстауды және жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 9
9. «Теміртау каласының каржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тіркеуді
жүргізу жөніндегі шараларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырсын.
Тармақ 10
10. «Теміртау қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1990 жылы
туған еркек жынысты азаматтарды хабардар ету және олардың дер кезінде
шақыру учаскелеріне келулеріне бақылау жасасын.
Тармақ 11
11. «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс істері жөніндегі
басқармасы» мемлекеттік мекемесі тіркеудің қорытындысы туралы ақпаратты
(Теміртау қаласының әкіміне 2007 жылдың 10 сәуірінде ұсынсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары
Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
Тармақ 13
13. Осы қаулы алғаш рет ресми жариялаған күннен кейін он күтізбелік күн өткекнен соң күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ
«Қараганды облысы Теміртау қаласының
қорғаныс iстepi жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________________ Б.Әбдібаев
«11» желтоқсан 2006 ж.
КЕЛІСІЛДІ
«Қараганды облысы iшкi icтep департаментінің
Теміртау қаласының iшкi icтep басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________________ М.Жаппаров
«12» желтоқсан 2006 ж.
КЕЛІСІЛДІ
«Қараганды облысы денсаулық сақтау
департаменті» мемлекеттік мекемесінің
Теміртау аймақтық өкілдік бөлімінің бастығы
______________________ С.Кенжебаев
«12» желтоқсан 2006 ж.
Басқа 17
Теміртау қаласы әкімдігінің
«14» желтоқсандағы 2006 жылғы
№ 12/74 қаулысына
1-қосымша
2007 жылы Teмipтay қаласының қорғаныс icтepi жөніндегі
басқармасының шақыру учаскесінде 1990 жылы туған еркек жынысты
азаматтарды тipкey жөніндегі комиссияның құрамы
Бақыт Құдайбергенұлы Әбдібаев «Қарағанды облысы Teмipтay
қаласының қорғаныс icтepi жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы, полковник, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Захида Бамат-Гиреевна Парижева «Teмipтay қааласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту мониторингі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Төлеутай Дәрменұлы Кенжекеев «Қараганды облысы ішкі істер
департаментінің Теміртау қаласы iшкi icтep басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі (келісім бойынша)
Таисия Николаевна Петрухина «№2 Емхана» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның дәрігер-терапевті, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Юлия Владимировна Сарычева «№2 Емхана» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мейірбикесі, комиссия хатшысы
(келісім бойынша)
Ескерту:
Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс icтepi жөніндегі
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы полковник Бақыт Құайбергенұлы Әбдібаевтың болмаған кезінде тіркеу комиссиясының төрағасы міндетін атқару «Қарағанды облысы Теміртау қаласының қорғаныс icтepi жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, жұмылдыруға дайындық және аумақтық қорғаныс бөлімінің бастығы Талғат Болатұлы Орманбетовке жүктеледі.
Басқа 18
Теміртау қаласы әкімдігінің
«14» желтоқсандағы 2006 жылғы
№ 12/74 қаулысына
2-қосымша
2007 жылы қаңтар-наурызда медициналық тіркеу жөніндегі комиссияны жүргізу үшін бөлінетін дәрігер-мамандар мен орта медициналық
персоналдардың eceбi
Медициналық мекеменің атауы
Медициналық қызметкелердің мамандығы
Медициналық қызметкелердің саны
"№ 2 Емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Окулис
1
Отоларинголог
1
Терапевт
1
Мейірбике
3
"№ 3 қалалық аурухана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Хирург
1
"Теміртау қаласы жұқпалы аурлар ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Мейірбике
1
Қарағанды облысы әкім жанындағы "Теміртау қаласының тері-жұқпалы аурулар диспансері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Дерматовенеролог
1
"Психиатриялық диспансер" мемлекеттік мекемесі
Психиатр
1
Мейірбике
1
"№ 1 Емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Невропотолог
1
Мейірбике
1
"Ботан" мемлекеттік емес мекеме
Стоматолог
1