1990 жылы туған азаматтарды 2007 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы Қолданыста
Басқа 0
1990 жылы туған азаматтарды 2007 жылы шақыру учаскелеріне
тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасы 8 шілдедегі 2005 жылғы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 және 21 баптарын «Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 28 қазандағы № 1072 Қаулысын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы») Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасы және 37 бабының 1, 2 тармақтарын басшылыққа алып Тарбағатай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі 2007 жылғы тіркеу жүргізілетін жылы 17 жасқа толған, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жургізсін.
Тармақ 2
2. 1990 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу комиссиясы құрылсын ( № 1 қосымша)
Тармақ 3
3. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Д.Итбаевқа:
Тармақша 1
1) Азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін білікті дәрігерлермен медицина қызметкерлерін бөлу
Тармақша 2
2) Шақыру учаскелерін қажетті медикаменттермен, құралдармен және медициналық мүліктермен жабдықтау.
Тармақша 3
3) Флюрографиялық, кардиологиялық және тексеруден басқа түрлерін өткізуді қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Ауыл, қоныс әкімдері:
Тармақша 1
1) Шақырылатындарды комиссияға алып, келу және кетуді әскери есеп үстелдері инспекторларымен бірге жүруін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Азаматтарды медициналық куәландыру аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бекіткен кестесімен жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу кезінде әскери оқу орындарына түсуге үміткерлерді кәсіби іріктеуді жүргізу жөніндегі комиссия құрылсын. (№ 2 қосымша).
Тармақ 7
7. Дәрігерлік комиссияның жұмысын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2005 жылғы 4-ші наурыздағы № 100 буйрығына сәйкес қажетті медикаменттермен, құралдармен, медициналық мүліктермен жабдықтау аудандық орталық ауруханаға тапсырылсын.
Тармақша 1
1) ауыл аймақтарының аудан орталығына шалғай жатқандықтан азаматтарды медициналық куәландыру Ақсуат, Ақжар ауылдарында өткізуді ұйымдастырсын.
Тармақша 2
2) орталық аудандық ауруханаларда флюорографиялық және қан құрамын анықтаудың қорытындыларын күнделікті шығару міндеттелсін.
Тармақ 8
8. Аудандық білім бөлімінің бастығы Қ.Бейілғожинге:
Тармақша 1
1) мектептерде оқитын 1990 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне толықтай келуін қамтамасыз ету ;
Тармақша 2
2) әскери оқу орындарына түсуге үміткер жастарды дәрігерлік комиссиядан өтуге қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) оқу орнына түсу сынақтарына қатысты пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізуді ұйымдастыру тапсырылсын ;
Тармақ 9
9. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Сейлханвқа Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі мен Ішкі Істер Министрінің 2001 жылғы 12 тамыздағы № 265 және 19 тамыздағы № 638 бірлескен бұйрықтарына сәйкес шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу кезінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен өзара іс-қимыл ұйымдастыру, шақыру учаскелеріне тіркелуден жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруге ықпал жасау, шақыру учаскелерін тыныштықпен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 10
10. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы А. Түрекенова тіркеуді өткізу үшін 2007 жылға арналған жоспарына сәйкес қажетті қаржымен қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Аудандық әділет басқармасында 4 қаңтар 2006 жылғы № 5-16-9 болып тіркелген аудан әкімінің 4 қаңтар 2006 жылғы № 2 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Жақаевқа жүктелсін.
Келісілді:
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
А. Қарабиев
Аудандық ішкі істер
Бөлімінің бастығы
Е. Сейлханов
Аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері
Д. Итбаев
Басқа 22. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің
2006 жылғы 25.12.06.
№ 710 қаулысына
№ 1 қосымша
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу комиссиясының құрамы
Қарабиев Абдрахман Жумашұлы
-Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы , комиссия төрағасы
Мауадинов Қайрат Мұратқазыүлы
-Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы.комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Жангелов Самат Жеңісбекұлы
-Аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығының орынбасары міндетін атқарушы (келісім бойынша)
Жақсылықов Гайдар Хамзаұлы
-Аудандық орталық емхананың меңгерушісі, стоматологы (әскерге шақыру комиссиясының аға дәрігері)
Нұрғалиева Күлімхан Жексенбайқызы - Аудандық орталық емхананың
мейірбикесі, комиссия хатшысы
Аппарат басшысы
Н.Қараталов
Басқа 23. Әскери оқу орындарына түсуге үміткерлерді кәсіби іріктеуді жүргізу жөніндегі комиссияның қурамы
Аудан әкімдігінің
2006 жылғы 25.12.06
№ 710 қаулысына № 2 қосымша
Әскери оқу орындарына түсуге үміткерлерді кәсіби іріктеуді жүргізу жөніндегі комиссияның қурамы
Қарабиев Абдрахман Жұмашұлы
- Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
Нұрғалиева Күлімхан Жексенбайқызы
- Аудандық орталық емхананың мейірбикесі, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Жақсылықов Гайдар Хамзаұлы
- Аудандық орталық емхананың меңгерушісі, стоматологы (әскерге шақыру комиссиясының аға дәрігері)
Жангелов Самат Жеңісбекұлы
- Аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығының орынбасары міндетін атқарушы (келісім бойынша)
Оспанов Сансызбай Қожахметұлы
- Аудандық білім бөлімінің алғашқы әскери даярлық пәні бойынша
Әдіскері
Аппарат басшысы
Н. Қараталов