О подготовке и проведении приписки граждан мужского пола 1990 года рождения к призывному участку управления по делам обороны города Шымкента январе-марте месяце 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1990 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеуге алу және оның дайындығы туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына және Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының хаты негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. 2007 жылдың 4 қаңтарынан 31 наурызы аралығында Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне 1990 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды тіркеуге алу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне 1990 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды тіркеуге алу үшін және әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды iрiктеу мақсатында мына құрамда комиссия құрылсын: Бердібеков Валихан Әбдухадырұлы Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша); Қалыбеков Қанат Жұмағұлұлы Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері: Өрісбаев Нұрлан Тағайұлы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары; Жолдаров Мұқан Мұхитдинұлы Шымкент қаласы Абай аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары; Нұртанов Бауыржан Шымкент қаласының Еңбекші аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары; Байдуллаев Шардар Тұрсынбекұлы дәрігер-хирург, медициналық комиссияның төрағасы; Шевченко Наталья Владимировна облыстық клиникалық балалар ауруханасының медициналық бикесі, комиссия хатшысы; Баймаханова Айгүл Сәрсенбайқызы облыстық клиникалық балалар ауруханасының медициналық бикесі Тіркеуге алу комиссия мүшелері және комиссия жұмысына тартылғандар 2007 жылдың 4 қаңтарынан 31 наурызына дейін негізгі жұмыс орнынан босатылып, негізгі қызмет орнындағы орташа жалақылары сақталсын. Тіркеуге алу комиссия жұмысы сенбі, жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін белгіленсін.
Тармақ 3
3. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаменті (В.Ю.Дудник - келісім бойынша): маман дәрігерлердің және медбикелердің Шымкент қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне 2007 жылдың 4 қаңтарында сағат 9.00-ге келуін қамтамасыз ету ұсынылсын; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы N 117, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 100 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы" бірлескен бұйрығымен қарастырылған іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. 2006 жылдың 25 желтоқсанына дейін Шымкент қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасына 1990 жылы туылған (облыстық наркологиялық орталықтың, облыстық психоневрологиялық диспансердің, онкологиялық диспансердің, дермовенерологиялық диспансердің, туберкулезге қарсы диспансердің, №3 Шымкент қалалық емхананың) диспансер есебінде тұрған еркек жынысты азаматтардың тізімдерін және амбулаторлық карталарын медициналық ұйымдардың бас дәрігерлеріне тапсыру ұсынылсын. 2006 жылдың 25 желтоқсанына дейін Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына Ф-025-І/у (ауру медициналық амбулаторлық картасына жасөспірім қосымша парағы) жауапты тұлғаларға дайындап тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Шымкент қаласының білім беру (Қ.Қ. Кәдірбаева) 1990 жылы туылған еркек жынысты азаматтардың комиссиядан өту кестесіне сай Шымкент қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне уақытылы, ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Өндіріс орындары мен кәсіпорын басшыларына: 1990 жылы туылған еркек жынысты азаматтардың Шымкент қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне кестеде белгіленген күндерде кадр басшыларымен бірге келуін қамтамасыз ету ұсынылсын; Шымкент қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасы белгілеген мерзімдерде кадр бөлімі қызметкерлерінің нұсқаулық-әдістемелік дайындыққа қатысуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Шымкент қаласының Әл-Фараби, Абай және Еңбекші аудандық ішкі істер басқармалары (М.Оразалиев, Қ. Әбдіраманов, Б.Сұлтан - келісім бойынша): Шымкент қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасының талабымен әскери есепке тұрудан жалтарып жүрген 1990 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды іздеп, шақыру учаскесіне жеткізу ұсынылсын; 2006 жылдың 25 желтоқсанына дейін Шымкент қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасына қылмыстық жауапқа тартылған, заңды бұзған, улы есірткі мен ішімдік заттарын қолданғаны үшін есепте тұратын 1990 жылы туылған еркек жынысты азаматтардың тізімін тапсыру ұсынылсын; 2007 жылдың 4 қаңтары мен 31 наурызы аралығында қалалық әскери шақыру пунктінде комиссия жұмысы кезінде қоғамдық тәртіптің сақталу шарасын қолдану ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Л.А. Мақашева) 2006 жылдың 25 желтоқсанынан 2007 жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімге шақыру учаскесінің жұмысын қамтамасыз етуге жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар санынан 20 /жиырма/ адам бөлсін.
Тармақ 9
9. Шымкент қаласының қаржы бөлімі (Ғ. Аязов) Шымкент қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне 1990 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды тіркеуге алу және оның дайындық жұмыстарын жүргізуге қала бюджетінде қарастырылған қаражаттардан іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Қ.Қадырбековке жүктелсін.